ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАЗАСЫНДАҒЫ ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМШЕСІН АРАЛАДЫ Толығырақ

ДЕПУТАТТАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП

20:37, 12 желтоқсан 2019

Кеше депутаттар аудан орталығы Мамлюткаға барды. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттың депутаттары алдында СҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев есеп берді. Нақтырақ облыстық полиция ведомствосының баспасөз қызметі дайындаған сюжеттен біле аласыздар.

Депутаттар жиналысқа дейін аудандық бөліністі аралады. Оларға патрульдік машиналардың жабдықталуы, цифрлық технологияларды жұмыс барысына енгізу, 70 камера орнатылған бейнебақылау орталығының жұмысы көрсетілді.   

- Бізде көңіл көтеретін орын бар: «Фанат». – Көңіл көтеретін орындарды бәріміз бақылап отырамыз. Камера бар, жаяу жүргіншілер өтпесіне, адамдар көп жүретін орындарға қарай бағытталған.

Облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары алдында полиция ведомствосының басшысы Марат Төлебаев ҚР Президентінің Жолдауын мен 2019 – 2020 жылдарға арналған ІІО жаңғырту жөніндегі жол картасын іске асыру бойынша қолға алынған шаралар туралы айтты. Сонымен қатар,  облыстағы криминогендік жағдайдың жай-күйі, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстарды алдын алу мен ашу бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпараттандырды.

МАРАТ ТӨЛЕБАЕВ, СҚО ПД БАСТЫҒЫ:

- Мемлекет басшысы өз Жолдауы аясында заңнама деңгейінде жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, балаларға қатысты басқа да қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет деді. ІІМ жаңа заң жобаларымен жұмыс істеуде. Президент азаматтардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған басқа да шараларды белгілеп берді. Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарда халықпен тиімді кері байланыс орнатуды атап өтті. Осыған орай, қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару алдағы кезеңге арналған жұмыс бағытының басымдықтары.  

Кездесу барысында  депутаттар облыс орталығында жол белгілерін орнатуға және жергілікті полиция қызметінің жұмысына қатысты өтініштерін жеткізді.  Мамлют ауданы Полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов қатысушыларға аудандық полицияның бастамасымен құрылған аудан және селолық округтер қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы ақпарат берді. Іс-шара соңында Қоғамдық кеңестің аса белсенді өкілдері Полиция департаментінің алғыс хатымен марапатталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ
17:16, 31 наурыз 2020
ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ
Толығырақ...