ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

ЕКІ КҮНДЕ 13 ҚЫЛМЫСКЕР АНЫҚТАЛДЫ

20:50, 20 наурыз 2020

Облыстық полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы «Іздестіру» мемлекетаралық жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Өңір полицейлері екі күнде 13 қылмыскерді және із-түссіз жоғалған бір адамның жүрген жерін анықтады.

- Приказываю заступить на охрану общественного порядка. При несении службы соблюдать бдительность и внимательное отношение к гражданам.

«Іздестіру» іс-шарасы 18-19 наурыз күндері өткізілді. Қылмыскерлер мен із-түссіз жоғалғандарды іздестіру іс-шаралары ұдайы жүргізіліп тұрса да, бұл күндері осы жұмыстарға ерекше басымдық берілді. Әсіресе, полицейлер Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрамындағы елдердегі  әріптестерімен бірлесе отырып, жұмыстарды жандандырды. Ресей полициясы төрт қазақстандық пен Ресей Федерациясының бір азаматын есірткі қылмыстары, жалған құжаттарды дайындау, парақорлық, экстремистік әрекеттерге шақыру және тонау үшін іздестірген. Олардың барлығын солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер іздеп тауып, ресей тарапына тапсырды.

АНДРЕЙ БОНДАРЕНКО, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде 13 қылмыскер, оның ішінде ТМД елдері үшін 7 қылмыскерді ұстап бердік. Ресей полициясы облыстық Полиция департаменті үшін бір қылмыскерді іздеп тауып, хабар-ошарсыз кеткен бір адамның жүрген жерін анықтады.

Облыстық криминалдық полиция басқармасының ақпаратына сәйкес, биылғы екі айдың нәтижесі бойынша 45 қылмыскер іздеуде болған. Олардың 35-і – «өткен жылдардан бері іздеуде болса,  9-ы – пробациялық бақылау бұзушылықтары үшін іздестіріліп жатқандар.

 

Тақырып бойынша материалдар

КӨЛІКТІ ЗАҢСЫЗ ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
20:41, 26 мамыр 2020
КӨЛІКТІ ЗАҢСЫЗ ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар