ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

ЕКІ ТҰРҒЫН ТАНЫСТАРЫНЫҢ ШӨБІН ЖАҒЫП ЖІБЕРДІ

17:23, 19 қараша 2020

СҚО полицейлері қасақана шөп өртеген күдіктілерді қолға түсірді . Оқиға 16 қарашадан 17 қарашаға қараған түні Ғ.Мүсірепов ауданының Чернобаевка ауылында болған. Екі ер адам 37 жастағы тұрғынның бақшасында жатқан 25 тонна шөбін өртеп жіберген. Сөйтіп жәбірленушіге 600 мың теңгеден астам шығын әкелді.

Ауыл тұрғыны полицияға жүгінген. Жедел-тергеу тобы учаскелік полиция инспекторының көмегімен ауданның 1989 жылы туған екі тұрғынының іске қатыстылығын анықтады. Күдіктілердің айтуынша, олар жәбірленушіні жақтырмағандықтан оған зиян келтірген. Арам пийғылдарын іске асырған сәтте екеуі де мас болған.  Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Өрт қора-қопсыға, үйге тараған жоқ, дер кезінде сөндірілді.  

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«МАЛ ҰРЫСЫ» ОПЕРАЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:42, 23 қараша 2020
«МАЛ ҰРЫСЫ» ОПЕРАЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...