ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ НАУРЫЗ! Толығырақ

ЕКІНШІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

21:19, 13 наурыз 2019

Петропавлдың Жұмысшы кенті, Сапаржай, Береке және Өндірістік аймақтарында 70 мыңнан аса тұрғын бар.  Енді олар өз мәселелерімен Островский 114 мекен жайы бойынша орналасқан Екінші Полиция Бөлімінің жаңа ғимаратына келе алады. Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет, шаһар жетекшісі Марат Тасмағанбетов, департамент басшысы Берік Біләлов және зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты.

Полицияны жаңғыртудың маңызды шараларының бірі фронт-кеңселердің  жұмысын ұйымдастыру мен тұрғындарға заманауи ғимараттарда қызмет көрсету. Осыған орай  Жұмысшы кентінде орналасқан екінші полиция бөлімі жаңа ғимаратқа көшті.

МҰРАТБЕК КӘШІМОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЕКІНШІ ПБ БАСТЫҒЫ:

Бүгінгі таңда бөліміміздің жеке құрамында 116 қызметкер жұмыс істейді.Қызмет көрсететін аумағымыздың басым көпшілігі жеке сектордың тұрғындары болып табылады. Сол себепті, түрлі ұсақ бұзушылықтар да осындай аймақтарда жиі болып тұрады. Қуанышымызға орай бүгін жеке құрамымыз жаңа, жайлы әрі кең ғимаратқа көшіп жатырмыз. Бұл өз кезегінде біздің жасап жатқан еңбегіміздің нәтижесі деп білеміз.Сондай-ақ, енді мамандарымыздың нәтижелі еңбектенуіне барлық жағдай жасалды деп ауыз толтырып айта аламыз.

Бұған дейін екінші полиция бөлімінің мамандары  Мичурин 4 мекен жайы бойынша орналасқан, 1950 жылы салынған екі қабатты ғимаратта отырды. Ғимарат ауданы жеке құрамды толық орналастыру үшін заманауи талаптарға сай келмеді. Ал, жаңа мекемеде енді фронт-офис, кезекші бөлім, кең акт залы, қызметкерлерге арналған жұмыс бөлмелері жне асхана да бар.

БЕЙБІТ ӘЛІМЖАНОВ, 2 ПБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Осы жаңа полиция бөлімінде фронт-офис бар, ол кезекші бөлімге, басқа да қызметкерлерге жеңілдік көрсетеді. Өздерінің шағымдаырменк елген азаматтарды қабылдап, оларға дұрыс бағыт беріп, тез арада көмектесіп, қай қызметкерге жүгіну керек екенін бағыттайды.

Полицейлердің жұмыс сапасын кеңейту және жақсарту "Адалдық алаңы" жобасының шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Ал ескі ғимаратқа облыстық есірткібизнесіне қарсы күрес басқармасын орналастыру жоспарланып отыр.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕЙНЕКАМЕРАЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН 30 АСТАМ ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫ
17:53, 19 наурыз 2019
ПЕТРОПАВЛДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕЙНЕКАМЕРАЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН 30 АСТАМ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
20:59, 19 наурыз 2019
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
Толығырақ...
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
14:27, 19 наурыз 2019
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...