ШҰҒЫЛ! ЖАҢА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ Толығырақ

ЭКСТРЕМАЛДЫ ЖАҒДАЙДА АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ

20:48, 8 қазан 2019

Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық мектептің базасында экстремалды жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша апталық курс өтті. Онда  Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың офицерлері дәрігерлік көмекке дейін көрсетілетін көмектің дағдыларын зерделеді.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ офицерлері жағдайдың шұғыл өзгеруіне бейімделген: олар парашютпен секіріп, қажет болса суға да бірден сүңгіп көмек көрсете алады.  Енді манекеннің көмегімен босандыру процесіне қатысқан қызметкерлер ер адамның қолынан келе бермейтін машықты игерді. курсқа қатысқан сегіз қызметкер босандыру жайлы түсінік алып, практикалық дағдыларды меңгерді.

ЕРЛАН БАЗАРБАЕВ, СҚО ПД ЖЫЛДАМ ҚИМЫЛДАЙТЫН АРНАЙЫ ЖАСАҚ ИНСПЕКТОРЫ:

- Осы медециналық мектепте біз күнделікті жұмыста өзімізге қажет болуы мүмкін машықтарды үйреніп, азаматтардың тек қаңа тыныштығын қорғап қана қоймай оларға алғашқы қажетті медециналық көмекті көрсете білуіміз керек.

Арнайы бөліністің қызметкерлері кез-келген уақытта және ауа райына қарамастан, түрлі шақыртулар мен штаттан тыс жағдайларға дайын болу қажет. Ал түрлі жарақаттар, сүйектің сынуы, қан кету, күйік алу мен үсік шалу және тағы да басқа жағдайлар кезінде көмек көрсету туралы полицейлерге білікті оқытушылар құрамы баяндады.

НҰРЛАН ЖАҚЫПОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Лекциялардан кейін қызмет өткеру кезінде, тұрмыста қажет болатын шұғыл көмек бойынша практикалық сабақтар өткізілді. Яғни бұл көмек шұғыл түрде жүрек тоқтаған, күйік пен үсік шалған, уланған кезде қажет. Өткізілген сабақтардан кейін қызметкерлер толық көлемде медициналық көмек көрсете алады.

Курс аяқталғаннан кейін ЖҚАЖ қызметкерлеріне парамедиктің арнайы сертификаты табыс етілді.

 

Тақырып бойынша материалдар

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
20:42, 18 қазан 2019
«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар