ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ

17:58, 29 қараша 2019

Ақжар ауданының орталығы Талшықтағы полиция бөлімінің ғимараты алдында Ұлы Отан соғысының ардагері Сәбит Қасеновтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды. Ақжар ауданы полиция бөлімі Ардагерлер кеңесінің ескерткіш орнату туралы ұсынысын Полиция департаменті қолдап, облыстық ономастика комиссиясының шешімінен кейін Тұңғыш Президент күні қарсаңында салтанатты түрде ашты.

Салтанатты шараға ақсақалдар, ақжарлық полиция бөлімі жеке құрамынан басқа сол ауданның әкімі Ербатыр Мадьяров пен СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев қатысты.

МАРАТ ТӨЛЕБАЕВ, СҚО ПД БАСТЫҒЫ:

- Сәбит Қасенұлы ішкі істер органында 34 жыл қызмет атқарып, қатардағы милиционерден – полковникке дейін, учаскелік инспектордан – аудандық ішкі істер бөлімінің басшысына дейін жетті. Бұл лауазымды 11 жылдан астам атқарған. Сәбит Қасенұлы осы полиция бөлімінің ең алғаш ашылуының басы-қасы болды. Оның  өмір жолы - әр офицерге хрестоматия. Жас қызметкерлерге әдептіліктің, халыққа және заңға шексіз беріле қызмет етудің, адалдықтың, қарапайымдылықтың қыр-сырын үйренуге болады.

Сәбит Қасенұлы 1926 жылы Арықбалық ауданында туған. 1944 жылы 18 жасар жігіт Кеңес Армиясы қатарына шақырылады. 1-ші Белорус майданының 3-ші Армиясы құрамында Польша, Шығыс Пруссия аумағында соғысқан. Берлинді алуға қатысқан. Көптеген марапаттары бар және КСРО қарулы күштерінің Жоғары Қолбасшысы Сталиннен жеке алғыс алған. 1951 жылы Сәбит Қасенұлы әскерден қайтарылып, милицияға жұмысқа жіберіледі. Учаскелік инспектордан басшы лауазымына дейін көтерілді. 1985 жылы құрмет демалысына шығады.

Бұл күні аудандық полиция бөлімінде сондай ақ музей ашылды. Жергілікті тұрғындардың көмегімен, ауданның ішкі істер органдары тарихынан сыр шертетін жәдігерлер мен фотосуреттер жиналған. Сәбит Қасенұлының туыстары да музейге ардагердің кителін, фуражкасын және өмірі мен қызметі туралы материалдармен диск сыйлады. Сол күні Ақжар ауданының активіне және аудандық полиция бөлінісінің жеке құрамына полиция бөлімінің жаңа бастығы - 45 жастағы полиция подполковнигі Еркін Махметовті таныстырылды. Елді мекендердегі полицейлердің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін Кіші Қараой ауылдық округінде қызмет көрсететін учаскелік полиция инспекторына  «Нива» автомашинасының кілті табысталды. Сондай-ақ, жаңа қызметтік автомашинаның кілті сол ауданға көрші Уәлиханов ауданының екі учаскелік полиция инспекторына да  табыс етілді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
20:58, 10 желтоқсан 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Толығырақ...