ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЕР ЕСІМІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

13:05, 11 қыркүйек 2020

Кеңес Одағы ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, милиция полковнигі Владимир Богдановичке арналған  мемориалды тақта ашылды.  Ол жергілікті полиция қызметінің ғимаратының қабырғасына орнатылды. Салтанатты шараға облыстың бас полицейі, құқық қорғау органдарының ардагерлері мен Владимир Богдановичтің жұбайы қатысты.

Владимир Богданович МАИ қызметінде 35 жыл бойы жұмыс істеді. Антына берік, қызметіне адал азамат, облыстың автоинпсекциясының дамуына өз үлесін қосты. Қазіргі жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимараты да Владимир Павловичтің мұрындық болуымен салынды.   

ЕВГЕНИЙ РАЙТЕНБАХ, В. БОГДАНОВИЧТІҢ ӘРІПТЕСІ:

Алғашында автоинспекция қызметкерлері екі 2 қабатты ғимаратта отыратын. Кейін Владимир Павлович, жаңа нысан салу қажеттігін айтты. Нәтижесінде мына қазіргі бөлім тұрғызылды. Ол өте жауапкершілігі мол тұлға еді. Оның 15 тәрбиеленушісі Қазақстан және Ресей полициясының полковнигі шеніне дейін өсті. Мен бұл кісімен 16 жыл бойы еңбек еттім. Оны мақтан тұтамын.

Милиция полковнигі 1974-1991 жылдар аралығында облыстық МАИ бөлімінде басшылық қызмет атқарды. Зейнетке шыққасын  Владимир Павлович аталмыш ведомствоның ардагерлер кеңесін басқарды. Сол кездегі ішкі істер органдарының жемісті жұмыс істеуіне өлшеусіз үлес қосқанын департамент басшысы да өз сөзінде атап өтті.

МАРАТ ТӨЛЕБАЕВ,  СҚО ПД БАСТЫҒЫ:

Владимир Павловичті сол кездегі милицияның абыройын асырған азамат ретінде танимыз. Ол 50 шақты түрлі марапатқа ие болды. Петропавл маңындағы айналма жолдың бірі милиция полковнигінің бастамасымен салынды

Владимир Павловичтің есімін ұлықтау мақсатында оның бұрын жұмыс істеген ғимаратында мемориалды тақта ашылды.

СВЕТЛАНА БОГДАНОВИЧ, В. БОГДАНОВИЧТІҢ ЗАЙЫБЫ:

Күйеуім 75 жаста қайтыс болды.   Өкінішке орай, ауру күтпеген жерден келді. Көзі тірі болса, әлі де қоғамға өз пайдасын тигізер еді деп ойлаймын. Осындай сый-құрмет көрсетіп жатқанына алғысым шексіз.

Жалпы облыста қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқандар полицейлдердің  есімімен 5 көше аталып, 4 мемориалды тақта ашылған. 

Аманжол НҰРТАЗИН

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНАН 36 ГРАММ ГЕРОИН ТАБЫЛДЫ
20:53, 30 қыркүйек 2020
ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНАН 36 ГРАММ ГЕРОИН ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚАРИЯНЫ ҚҰТҚАРҒАН ЖІГІТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
17:21, 29 қыркүйек 2020
ҚАРИЯНЫ ҚҰТҚАРҒАН ЖІГІТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
«ҚАРУ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
20:36, 28 қыркүйек 2020
«ҚАРУ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...