ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

ЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

20:40, 14 ақпан 2020

Облыстық Полиция департаментінің ұжымы  сексенінші жылдары Ауғанстан аумағында интернационалдық  борышын атқарған ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетті. «Ауғандықтарды» әскери қимылдардың аяқталу күнімен Полиция департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесінің өкілдері мен полицияның жас достары -   Бескөлдегі № 2 ОМ «Сардар» әскери-патриоттық бағыттағы балалар қоғамдық бірлестігінің тәрбиеленушілері құттықтады.  Толығырақ келесі сюжетте.

Ауғанстан жерінен кеңес әскерлерін шығару күні қарсаңында полицейлер дәстүрлі түрде интернационал-жауынгерлер мен бейбіт күнде ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның қатарында қызмет еткен Тәжік-Ауған шекарасындағы оқиғаларға қатысушыларға құрмет көрсетті. «Іс-шара полиция ведомствосының музейінде өтті.

МАРАТ ТӨЛЕБАЕВ, СҚО ПД БАСТЫҒЫ:

- Ауған соғысы аяқталғаннан кейін, 30 астам солтүстікқазақстандық ІІО-дарында қызмет етті. Олар өз міндеттерін адал атқарды және «абырой мен адамгершілікке» беріктіктің жарқын үлгісін көрсетті. Департаментімізде интернационал-жауынгерлерді құттықтаудың игі дәстүрі қалыптасқаны қуантады. Бүгінде ардагерлер игі істерден шет қалмай, қоғамдық өмірге белсенді араласуда.

Шараға Кадеттер, яғни «Сардар» —  «кадеттер сыныбының мүшелері де қатысты. Балалар  полицейлердің іс-шараға  шақыруларын қуана қабылдап, ардагерлерге Мағжан Жұмабаев пен Евгений Евтушенконың өлеңдерін жатқа оқыды. 

Естелік датаның құрметіне орай 20 астам интернационал-жауынгер, ішкі істер органдарының ардагерлері «Қолдаушы» медалімен марапатталды. Салтанатты бөлімнен кейін, қонақтарға облыстық полиция музейінің кинозалында полицияда қызмет еткен Ауған соғысы ардагерлеріне арналған видео көрсетілді. Олар 24 болатын, бүгінгі күні барлығы ішкі істер органдарының ардагерлері. Олардың 5-уі Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығыстарға қатысқандар, екеуі саптағы полиция қызметкері.

Тақырып бойынша материалдар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ХАЛЫҚТЫ АЛДАУ КӨБЕЙДІ
20:41, 18 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ХАЛЫҚТЫ АЛДАУ КӨБЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...