ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

ГАРАЖ ҰРЛАП, МЕТАЛЛ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТІНЕ ТАПСЫРҒАН

20:38, 19 қараша 2020

Петропавл тұрғыны қаладағы темір гараждардың бірін ұрлап әкетті.  Полицейлер оны қаланың екінші басынан тапты. Ұры оны 130 мың теңгеге темір қабылдау пунктіне түсті металл ретінде тапсырған екен. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің материалында.

Қалалық бірінші полиция бөліміне қала тұрғыны металл автогаражының ұрланғаны туралы арызданан. Ер адам гаражының Жуков көшесінің бойында тұрғанын, оны көбіне құрылыс материалдарын сақтау үшін пайдаланғанын айтқан. Ол гаражының жоғалғанын көршілерінен білген, бірден полицияға хабарлаған. Полицейлер куәгерлерден жауап алу барысында гараждың кран-манипулятормен жабдықталған жүк көлігімен әкетілгенін анықтады. Жұмысшылардың сенімді әрекеттерінен көршілері металл бокс сатылған деп ойлаған. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Бірінші полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні анықтады. Ол бұрын бірнеше рет сотталған 1987 жылы туған петропавлдық болып шықты. Ер адам краны бар жүк көлігін жалдап, гаражды қала шетіндегі металл қабылдау пункттерінің біріне 130 мың теңгеге түсті метал ретінде тапсырып жіберген.

ӘДІЛЕТ ЖЕҢІСОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ БІРІНШІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған облыс орталығының тұрғыны ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.  Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Металл қабылдау пункті де тексерілетін болады.  

ИВАН КАТУНИ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

Жарайсыңдар, полиция жедел жұмыс істеді. Жүргізушіні тауып, оған хабарласты. Ол арқылы гаражды қайта әкеткенін таптық. Оны бөлшектеп кесіп, пойызға тиеп қойған. Уақтылы келіп үлгердік.

2020 жылдың 10 айында СҚО аумағында  бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысты 1736 дерек тіркелді. Олар 74% ашылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

«МАЛ ҰРЫСЫ» ОПЕРАЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:42, 23 қараша 2020
«МАЛ ҰРЫСЫ» ОПЕРАЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...