ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ГАРНИЗОНДЫҚ ЖИЫН

20:39, 13 тамыз 2019

Петропавлда полицияның кешенді күштерінің кезекшілік атқару орындарында гарнизондық жиын енді апта сайын өткізіледі. Мұндай жаңа формат ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен енгізіліп, еліміздің барлық өңірлерінде қолданыла бастады. Толығырақ облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалында.

- Равняйсь! Смирно! Приготовились записывать ориентировки!

Учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полицейлер, әскери қызметшілер, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының және жеке күзет құрылымдарының қызметкерлері сап түзеді. Полицияның кешенді күштерінің гарнизондық жиынында офицерлер мен сержанттарға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, Петропавл қаласындағы жол қауіпсіздігін қадағалау бойынша міндеттер қойылады. Әр патрульдік жасақ өз учаскесінде қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ жол-көлік оқиғасын болдырмауға жауапты.

ГРИГОРИЙ ТЫШ, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Бүгінде «Тұрмыс», «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізіліп жатқандықтан, Петропавл қаласында кезекшілік атқаратын жасақтар саны көбейтілді.  Аталған іс-шараларды өткізу кезіндегі біздің басты міндетіміз – қылмыстарды болдырмау.

Жаңа форматтағы жиынның ерекшеліктерінің бірі – оған бірінші басшылардың қатысуы. Облыстық Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Думан Таев сақшылардың қызмет өткеруге әзірлігін тексеріп, міндеттер мен басымдықтарды баяндап берді. Іс-шара соңында қызметте ерекшеленген полицейлер төсбелгілермен марапатталды. Бұдан бөлек, бұл күні қалалық Полиция басқармасының үш қызметкері кезекті арнайы атақтарын алды. Полицияның кешенді күштерінің гарнизондық жиыны сап түзеген сақшылар мене әскерилердің салтанатты маршымен аяқталды.

Гарнизондық тарату облыс орталығында апта сайын жұма күндері өткізілетін болады.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ТЫНЫШТЫҚТЫ БҰЗҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
20:42, 20 тамыз 2019
ТЫНЫШТЫҚТЫ БҰЗҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...