ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС

20:44, 17 шілде 2020

17-18 шілде күндері облыс полицейлері «Жолда қабылдау» республикалық акциясын өткізіп жатыр.  Басты мақсат – халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Халықпен кері байланыс орнату құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, жолда жүру қауіпсіздігі мәселелерінде тиімділігін көрсетті. Кезекті «Жолда қабылдау» акциясы 17 шілдеде бастау алды. Солтүстікқазақстандықтардың сауалдарына әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі және көші-қон қызметі басқармаларының басшылары жауап береді.

ӘЛІШЕР ЖАРМАҒАМБЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Азаматтарды қабылдауды әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі және көші-қон қызметі басқармаларының басшылары, сонымен қатар процессингтік орталық, әкімшілік тәжірибе және жол-техникалық инспекциясы бөліністерінің қызметкерлері жүргізеді. Қосымша «қауырт желі» жұмыс істейді, телефон хабарламалары да, әлеуметтік желілерде онлайн-хабарламалар арқылы да.

Бұндай онлайн-диалогтардың пайдасы зор. Мұны акциялар кезінде тікелей эфир арқылы сауалдарын жолдап, жауап алған мыңдаған желі қолданушылары оң бағалап отыр. Қолданушылардан келіп түсетін сауалдардың негізгі бөлігі - жолда жүру қауіпсіздігіне, жол белгілерін және таңбаларын орнатуға қатысты. Николай Шкаловтің мотоцикл жүргізушілеріне өкпесі қазандай.  

НИКОЛАЙ ШАКАЛОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ТҰРҒЫНЫ:

- Түн сайын. Сағат 12 болды ма — олардың бәйгелері басталады. Содан сағат 4-ке дейін жалғасады. Өздері, әрі музыкаларын барына қосып қояды: дар-дұр еткен музыка . Дәл Я. Гашек пен Уәлиханов көшелерінің қиылысында.

Акция барлық карантиндік санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтап өткізілуде. Қатысушылар міндетті түрде маска мен қолғап киіп, әлеуметтік ара қашықтықты сақтайды. Жүгінушілердің көбі қашықтықтан байланысуда. Акцияның алғашқы күні полицейлерге 30-дан астам сауал келіп түсті.

Тақырып бойынша материалдар

«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
20:47, 22 қазан 2020
«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
17:20, 19 қазан 2020
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
Толығырақ...