ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚҚА ЖЕМ БОЛМАУ ҮШІН НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

17:18, 21 қыркүйек 2020

Полицейлер қалай интернет-алаяқтардың құрбаны болмау керкетігін тұрғындарға түсіндіруде.  Тәртіп сақшылары профилактикалық сипаттағы жадынамалар мен үнпарақтарды тарату бойынша акция ұйымдастырды. Түсіндіру жұмыстарына волонтерлер қосылды.

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері тәртіп сақшыларымен  бірге сауда үйлеріне барып, келушілерге  интернеттегі алдаудың ең жиі схемалары туралы айтып берді.

ЕКАТЕРИНА ГАЛАТА,  "ҚАМҚОР" ВОЛОНТЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бүгінгі таңда,"Интернет" желісінде тауарларды сатып алуға мүмкіндік мол.  Бірақ,   көп адам алаяқтардың құрбанына айналАДЫ. Сондықтан облыс тұрғындарын - Интернет желісінде сауда жасағанда сақтық шараларын сақтауды ескерткім келеді.

Жыл  басынан бері 270-тен астам солтүстікқазақстандық түрлі онлайн-ресурстар арқылы алаяқтардың айла-амалдарына тап болды. Әлеуметтік желілерде қандай да бір күмәнді мәмілелерге келіспеу,  тауарды сатып алу және сату кезінде алдын ала төлемнен бас тарту, банк карталарының нөмірлерін, пин-кодтарды, сондай-ақ ұялы телефонға келіп түсетін парольдерді хабарламау керек.  Бұл интернеттегі, мессенджерлер мен басқа да электрондық ресурстар арқылы алаяқтық әрекеттерден қорғайтын алғашқы ережелер.

ВИТАЛИЙ ПОДЧЕРНИН, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Кең таралған қылмыстардың бірі Интернет-алаяқтық болып табылады, сондықтан біз "Қамқор" еріктілер клубымен бірлесіп, бүгін халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Сондай-ақ сақтық шаралары туралы еске салғым келеді. Ешқандай жағдайда ақшаны белгісіз адамдарға беруге болмайды.

Соңғы уақытта алаяқтар жиі қолданатын алдаудың ең көп таралған түрі-онлайн несие алу, онлайн-банкингке қол жеткізу және Интернет арқылы сатып алынған тауар үшін алдын-ала төлеу. Алаяқтар өздерінің қылмыстық ниеттерін жүзеге асыру үшін банк карточкасының нөмірін, карточканың артқы жағындағы үш таңбалы кодты және СМС-хабарламамен келетін кодты пайдаланады.

 

Тақырып бойынша материалдар

«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
20:47, 22 қазан 2020
«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...