ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДЫҢ ҚАҚПАНЫНА ТҮСІП ҚАЛМАУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

20:42, 20 мамыр 2020

Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері интернет-алаяқтар пайдаланатын әдіс-тәсілдер туралы айтып берді. Жедел уәкілдер ауқымды алдын алу-түсіндіру жұмысына еріктілерді де тартқан.

«Қамқор» еріктілер клубының өкілдері және полицейлер оңай олжа іздеушілердің қылмыстық әдіс-тәсілдері туралы ескертетін жадынамалар таратты. «Солтүстікқазақстандықтар алаяқтардың құрығына ОLX, Kolesa.kz сайттарында орналастырылған жалған хабарландырулар, әлеуметтік желілердегі жалған парақшалар арқылы түсіп жатады. Қаскөйлер өздерін сатып алушылар деп таныстырып, не көмек көрсетпекші сыңай танытып, банк карталарынан ақша жымқырады», - дейді жедел уәкілдер. Жиі кездесетін  – «сатып алушы мен сатушы» әдісі. Алаяқ өзін сатып алушы ретінде таныстырып, алдын ала төлем жасау үшін банк картасының нөмірін сұрайды. Бұдан кейін қаскөй сатушыға банкіден растау коды бар SMS-хабарлама келетінін және ақшаның есепшотқа түсуі үшін кодты іске қосу қажет екенін айтады. Осы және басқа да әдіс-тәсілдер туралы жедел уәкілдер мен еріктілер петропавлдықтарды және қала қонақтарын тағы бір мәрте ескертті.

Наверное слышали, что в интернете очень много фейковых объявлений. Мы хотели вручить вам памятку по соблюдении мер предостороженности в сети интернет. Часто звонят и представляются работниками банков, пытаются получить вашу личную информацию. Если вы эту информацию скажете, то вы лишитесь своих денежных средств.

Интернет-алаяқтар медициналық қызмет көрсету, автобөлшектерді сату, спорттық іс-шараларға болжам жасау сияқты түрлі әдістерді пайдаланады. Алаяқтың құрбанына айналмас үшін ең бастысы сақ болу қажет, интернетте қаржы операцияларын жүзеге асырған кезде асығыстық танытпай, әр қадамды ой елегінен өткізу қажет.Жалпы интернет-алаяқтық жасау үшін ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі бойынша жауапкершілік қарастырылған. Бұл баппен 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

ЖАНГЕЛДІ ӘПЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

«Тауарды сатып алу немесе сату кезінде өздеріңіздің пин-кодтарыңызды, телефонға келіп түскен СМС-кодтарды ешкімге айтпаңыздар. Банк қызметкеріміз деп өздерін таныстырған және сіздердің жеке мәліметтеріңізді сұраған күдікті азаматтармен сөйлеспеңіздер. Сондықтан сіздерден сақ болуларыңызды сұраймыз» .

Егер сіз интернет-алаяқтың құрығына түсіп қалсаңыз, бұл жөнінде дереу 102 нөміріне хабарлау қажет.  Әйтпегенде іс суып қалуы мүмкін.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КӨЛІКТІ ЗАҢСЫЗ ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
20:41, 26 мамыр 2020
КӨЛІКТІ ЗАҢСЫЗ ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар