ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНЫҢ АЙЛАСЫ КӨП

20:46, 6 тамыз 2020

Петропавл тұрғыны инстаграмнан арзанға тон аламын деп алданды. Интернет алаяқтары оның 85 мың теңгесін қалталарына басып, жоқ болды. Карантин кезеңінде адамдар тауарларды, сондай-ақ қызметтерді қашықтан алуға тырысады. Кей кездері интернет-алаяқтардың құрбандарына да айналып жатады. Әлемдік ғаламторда қылмыскерлер қандай амал-айлаларға жүгінеті жайлы облыстық полиция ведомствосының әзірлеген бейнематериалынан көре аласыздар.

Тауарды жою, тауарды сатып бітіру, үлкен жеңілдіктер! Instagram-дағы дәл осындай қызықтыратын ұсынысты тон сатып алғысы келген Петропавл қаласының тұрғыны көреді. Ол 85 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жасауға келіседі. Осыдан кейін сатушымен арадағы байланыс үзілген. Енді қаскөйді полиция іздестіруде. Алдын ала төлем талап ету - интернет алаяқтардың кеңінен қолданатын айласы . 

ВИТАЛИЙ ПОДЧЕРНИН, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Интернет алаяқтардың құрығына көп жағдайда түрлі хабарландыру сайттарының сатып алушылары, сондай-ақ жалған банк қызметкерлерінің айласына алданғандар түседі. Сол себепті азаматтарды тағы да ескерткім келеді. Ауар сатып алған кезде сатылып жатқан тауарға қатысты комментарийлерді оқып, сатушыдан тауардың бейне шолуын талап ету қажет.

Адамдарға алаяқтықтың жолдары туралы ақпараттық жұмысқа еріктілер де тартылды. Олар полицейлермен  бірге Петропавл қаласының орталық көшелеріне шығып, жадынамалар таратып, түсіндірді.

ЕВГЕНИЙ СОЛОВЬЁВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

- Біз мәселенің маңыздылығын жақсы түсінеміз, қазір 21 ғасыр, жастардың барлығы дерлік, тіпті халықтың басым бөлігі көп уақыттарын Интернет желісінде өткізеді, саудаларын, төлемдерін Интернет арқылы жасайды, сондықтан қандай да бір сатушыны не тауар жеткізушіні таңдауда жауапкершілікті сезінген маңызды.

Алаяқтардың тағы бір  жиі қолданатын әдісі – азаматтардың жеке деректерін пайдаланып,   атына шағын несие ресімдеу. Полицейлер құжаттар мен  олардың көшірмелерін ешкімге   бермеуге кеңес береді. Алаяқтықтың үшінші әдісі – адамға банктенбіз деп қоңырау шалып,   шотыңызды бәзбіреулер бұзды деп   хабарлайды. Кейін қылмыскерлер смс арқылы келетін кодты айтуын сұрайды. Мұндайда абыржымау керек. Банк қызметкерлерінің жеке және қаржы туралы ақпаратты талап етпейтінін есте сақтаған жөн. Сол сәтте банк бөлімшесіне не call-орталығына жүгінген дұрыс. Егер сіз интернет-алаяқтардың арбауына түсіп қалсаңыз, тез арада полицияға жүгініңіз.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНАН 36 ГРАММ ГЕРОИН ТАБЫЛДЫ
20:53, 30 қыркүйек 2020
ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНАН 36 ГРАММ ГЕРОИН ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚАРИЯНЫ ҚҰТҚАРҒАН ЖІГІТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
17:21, 29 қыркүйек 2020
ҚАРИЯНЫ ҚҰТҚАРҒАН ЖІГІТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
«ҚАРУ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
20:36, 28 қыркүйек 2020
«ҚАРУ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...