ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ Толығырақ

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ХАЛЫҚТЫ АЛДАУ КӨБЕЙДІ

20:41, 18 наурыз 2020

СҚО-да жыл басынан 70 астам интернет-алаяқтық тіркелді. Қаскөйлердің сенгіш адамдарды алдайтын алаяқтық схемалары түрленуде. Толығырақ облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалында.

- Кредит алу бойынша көмек бере аласыз ба?. Иа әрине ол үшін сізге Көке.кз сайтына кіріп регистрациядан өтіп, онлайн түрде өтініш бере аласыздар, біз 10 мыңнан 130 мың теңге арасындағы сомманы береміз. Максималды 30, минималды 5 күнге беріледі қарыз. - Ал ол үшін қандай құжаттар керек? Жеке күәлігіңіз қажет болады, сіздің және өзіңізге тиесілі банктік шотыңыз, ол шотқа ешқандай төлемдер түспеуі қажет кейін сол шотқа ақша түсіре аламыз.

«Онлайн-несие еш қиындықсыз оңай ресімделеді. Көп құжаттың қажеті жоқ» – қаржылық мәселелерін оңай әрі жылдам шешкісі келетін қазақстандықтарды шағын несие ұйымдарының осындай сөздері бірден баурап алады. «Қарыз алушының тек сауалнаманы толтырып, телефон арқылы бірнеше сұраққа жауап беруі жеткілікті», – Интернет арқылы несие ресімдеудің осындай жеңіл жүйесі арқылы алаяқтар азаматтарды алдап соғып, ақшаға қол жеткізеді. СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының хабарлауынша, жыл басынан облыста 70 астам интернет-алаяқтық тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есе көп.

ДАНИЯР ҒАЛИАҚПАРОВ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Алаяқтардың құрбанына айналмау үшін барлық азаматтарды интернет желісінде сақтық шараларын сақтаулары туралы ескертемін. Ешқашан және қандайда болмасын жағдайларда әлеуметтік желілер арқылы жеке басты куәландыратын құжаттарды, банк карталарының пин кодтарын, есеп шот нөмірлерін, логиндер мен әлеуметтік желідегі құпия сөздерді, банк карталарының артқы жағындағы үш саннан тұратын кодты хабарламау. Сондай-ақ, фото суреттерді жолдамау қажет. әйгілі чайттардағы хабарламаларды одан әрі мұқият тексеріп тауарды растаушы құжаттарды ұсынып отырса да ешқашанда алдын ала төлем жасамау керек. интернет желісіндегі сатып алу кезінде де сатылып жатқан тауарға бейне шолу жасауын сұрау, басқа сатып алушылардың пікірлерін қарастырып оқу керек.

Егер де интернет-алаяқтардың құрбаны болсаңыз – бірден полицияға хабарласу қажет.

Тақырып бойынша материалдар

КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ ТОҚТАТЫЛДЫ
20:41, 27 наурыз 2020
КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...