ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

«ҚАҢҒЫБАС» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТУДЕ

20:44, 15 қазан 2020

Үш күн ішінде полицияға 371 тұрғылықты мекенжайы жоқ адам жеткізілді. Криминалдық полиция «Қаңғыбас» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Нәтижесінде тәртіп сақшылары  үй-күйсіздер жасаған 3 қылмыстың бетін ашты. 4 қылмыскер ұсталып, жоғалған 3 адамның қайда екендігі анықталды. облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің материалында.

- Қайда тұрасыз? – Қайда тұратынымыз байқалмай ма? – Мен сұрақты жайдан-жай қоймаймын ғой, сұрауымның жөні бар. – Қаңғыбастар! – Қағып жүресіздер. Бәрі түсінікті.

«Қаңғыбас» республикалық операциясы 14 қазананнан бастап өткізілуде. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полицейлер үй-күйсіз жүрген адамдар жиналатын барлық жер - саяжайларды, қараусыз қалған ғимараттарды, үйлердің шатырларын, кәріз құдықтарын, қоқыс төгетін орындарды тексерді.

АДАЙ СМАЙЫЛ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ҚАБЫЛДАП-ТАРАТУ ОРНЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Ішкі істер министрлігінің іс-шараларының негізгі ұйымдастыру жоспарына сәйкес қазанның 14 мен 16-сы аралығында облыс аумағында қаңғыбас жедел алдын алу іс-шаралары өткізілді. Белгілі бір орны жоқ адамдарды анықтауға және оларды криминалистік жедел-анықтамалық есепке қоюға бағытталған. Қылмыскерлерді іздестіру, хабар ошарсыз кеткен және анықталған мәйіттердің тұлғаларын анықтауға байланысты жұмыс жасалды.

Операция басталғаннан бері ішкі істер органдарына тұрақты мекенжайы  жоқ 371 адам жеткізілді, олардың барлығы фотосуретке түсіріліп, бейне жазбаға жазылып, дактилоскопиялық есепке алынды. Сонымен қатар, полицейлер үй-күйсіздер жасаған 3 қылмыстың бетін ашты. 4 қылмыскер ұсталып, жоғалған 3 адамның қайда екендігі анықталды.

 

Тақырып бойынша материалдар

«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
20:47, 22 қазан 2020
«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...