ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

ҚАҢҒЫБАСТАРДЫ АНЫҚТАУ РЕЙДТЕРІ КҮШЕЙТІЛДІ

17:19, 13 қаңтар 2021

Қаңтар айынан бастап Петропавлдағы қабылдау-тарату орталығына тұрғылықты мекенжайы жоқ 68 адам жеткізілді. Аяздың күшеюіне байланысты бұл күндері полицейлер рейдтерді де жандандыра түсті. Қаңғыбастар көп жүреді-ау деген жерлерді аралап, тапқандарын барлық тіркеу орындары, базалар арқылы тексеріп, қабылдау- тарату орнына орналастырады.

- Сейчас морозы, как вы спасаетесь в морозы? – Водку пьем и в катакомбе живем, где тепло.

Қаланың орталығы мен вокзал маңында қаңғыбастар көп кездеседі.  Кәріз құдықтары, жылыу трассаларының бойында тұрғылықты мекенжайы жоқ жандар топтасып күн көреді.Оларды анықтау рейдтері бірнеше мақсатты қамтиды. Алдымен, бұл санаттағы жандардың үсіп қалмауын болмармау, құқық бұзушылық,қылмыстың алдын алу. Бұл тұрғыда тәртіп сақшылар күнде жұмыс істеп келеді.

АДАЙ СМАЙЫЛ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ  ҚАБЫЛДАУ-ТАРАТУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Сағат 16-дан 24-ке дейін Қабылдау-тарату орнына үйсіз санаттағы адамдарды жеткізетін іріктеу тобы жұмыс істейді. Жеткізу кезінде оларды барлық есептер бойынша тексереді, фото-Бейне есепке қояды, сондай-ақ қажет болған жағдайда оларға медициналық көмек көрсетіледі.

Жыл басынан қабылдау-тарату бөліміне тұрғылықты мекенжайы жоқ 68 адам жеткізілген. Оның 4уі сот санкциясы арқылы қабылдау мекемесінде қалды.   Ал, өткен жылы полицейлер қабылдау-тарату бөліміне қаңғыбастарды 2565 рет жеткізген екен. Олардың арасынан іздеуде жүрген 8 адам, із түссіз жоғалды деген 2 азамат анықталыпты. Ішкі істер органдарына үйсіз қалған адамдар туралы 52-92-99 телефоны бойынша немесе "102"арнасына хабарлауға болады.

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«АВТОБУС» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
20:37, 25 қаңтар 2021
«АВТОБУС» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...