ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

ҚАУІПСІЗ ЖОЛ

20:47, 20 қараша 2020

Облыс  жолдарында көктайғаққа байланысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстары күшейтілді. Патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар, сондай-ақ аппараттағы жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері жүргізушілермен кездесіп, боранда және көктайғақта сақтықты күшейту қажеттігін еске салып жатыр.

Да вот, недавно только сделал… - Какого года?

Қысқы доңғалақ, тежегіш ​​жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі, жылдамдықтың төмендігі және арақашықтықты сақтау - автокөлік жүргізушісінің ережеден болар-болмас ауытқуы трагедияға әкелуі мүмкін. Бұл ретте, ауа-райының қолайсыздығы, яғни қар, көктайғақ және тұман автокөлік иелеріне, әсіресе көлік жүргізу тәжірибесі аз адамдарға қиындық туғызады. Тәжірибесі аз жүргізушілер үшін қала сыртындағы жолдарда ауыр апатқа ұшырау қаупі жоғары. Сондықтан, ауа-райының нашарлауына байланысты тәртіп сақшылары барлық жерде профилактикалық рейдтер өткізеді. Петропавлда полицейлер жүргізушілер және жаяу жүргіншілермен тікелей сөйлесуден басқа, облыс орталығындағы жолдың жағдайына .жауапты коммуналдық қызметтердің басшыларымен байланыс орнатты

ОКСАНА ПОПОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ ШТАБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

 - Қауіпсіз жол» республикалық іс-шарасы аясында екі күн ішінде облыс орталығы жолдарында 500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде алкогольдік немесе есірткілік мас күйде көлік құралын басқарудың 4 фактісі анықталды, көлік жүргізу құқығынан айырылса да рөлге отырған 2 жүргізуші ұсталды,. Сондай-ақ, қарсы бағытқа шығып кетудің екі фактісі анықталды. 146 азамат жолды белгіленбеген жерден өткені үшін жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, 18 қарашадан бастап күн сайын облыста 450-ден астам полиция қызметкері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларына қатысады. 149 автопатруль, 37-сі республикалық маңызы бар, 10-ы облыстық маңызы бар жолдарда жұмыс істейді. Тек соңғы екі күнде облыс бойынша  жол ережесін бұзудың  1241фактісі анықталды. Жаяу жүргіншілер тарапынан  жол ережесін бұзудың  232 дерегі тіркелді. Оның 147-сі қауіпсіздік белдігін тақпау, 101-і - көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану. 13 мас жүргізуші ұсталды. Жергілікті полиция қызметі рейдтер мен «тексерістер» осы аптаның соңына дейін жалғасатынын атап өтті.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«МАЛ ҰРЫСЫ» ОПЕРАЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:42, 23 қараша 2020
«МАЛ ҰРЫСЫ» ОПЕРАЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ГАРАЖ ҰРЛАП, МЕТАЛЛ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТІНЕ ТАПСЫРҒАН
20:38, 19 қараша 2020
ГАРАЖ ҰРЛАП, МЕТАЛЛ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТІНЕ ТАПСЫРҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...