ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ Толығырақ

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ

20:48, 13 ақпан 2020

Ақпанның 12-нен бастап солтүстікқазақстандық полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеуде.Акция аясында көлікті масаң күйде басқарған 8 жүргізуші ұсталды. Көлік басқару құқығынан айырылғандығына қарамастан темір тұлпарды тізгіндеген    4 адам анықталды. Іс-шара кезінде Жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтауға және олардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді.

Сейсенбі күні кешкісін Ғабит Мүсірепов көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алды. Toyota RAV4 автокөлігінің жүргізушісі жол шетінде қаңтарылып тұрған Lexus маркалы көлікті жанап өтіп, зақымдап, оқиға орнынан кетіп қалған. Кейін  бейнебақылау камераларынан барлық бейнежазбалар қаралып,  келесі күні таң атысымен кінәлі жүргізушіні анықталды.  Тексеру кезінде Toyota RAV4 көлігін басқарған петропавлдық тұрғынның  алкогольдік масаң күйде екені белгілі болды. Көлік салонында сыра банкілері, сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі   табылды.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Рейдтік іс-шаралар өткізу барысында «102» пультіне Ғабит Мүсірепов көшесі бойында жүргізушінің масаң күйде көлік басқаруы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Петропавл қ. патрульдік полиция батальонының қызметкерлері келіп, Петропавл қаласының 1987 жылы туған тұрғынын ұстады. Құжаттарын тексеру барысында аталған жүргізуші бұрын көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Медициналық куәландыруға сәйкес оның жеңіл дәрежедегі масаң күйде екені анықталды.

Қазіргі уақытта тергеушілер істі қарастыруда, кейін ол сотқа жіберіледі. «Қауіпсіз жол» операциясының бірінші күнінде облыс полицейлері көлікті масаң күйде басқарған 8 жүргізушіні ұстады. Бұрын көлік басқару құқығынан айырылған бола тұра  рөлге  отырған  4 тұлға анықталды. Жылдамдықты асырудың – 38, рөлде келе жатып телефонмен сөйлесудің – 35 фактісі және жаяу жүргіншілер тарапынан – 90 бұзушылық тіркелді.

Рейдтік іс-шаралардан бөлек, тәртіп сақшылары жол үстінде қалған жүргізушілерге де көмек көрсетеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала сыртындағы жолдар бақылауға алынған. Кешегі күні «Нұр-Сұлтан – Петропавл» тас жолында Сарыбай ауылының маңында полицейлер Уәлиханов ауданының бес тұрғынына көмектесті. Сондай-ақ,   тәртіп сақшылары  облыс орталығындағы «Уют» дүкенінің маңында өшіп қалған  ВАЗ автокөлігінің иесіне  қол ұшын созды.  Ал, Мамлютка қаласына жақын жерде Қорған қаласынан Петропавлға келе жатқан Volvo маркалы жүк көлігі жол шетіне шығып кеткен. 50 жастағы жүргізуші өзіне тез арада көмек көрсеткен патрульдік полиция қызметкерлеріне алғысын айтуда.

АЛЕКСЕЙ НЕСТЕРОВ, РФ АЗАМАТЫ, ЖҮРГІЗУШІ: 

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы ақпанның 14-не дейін жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
20:50, 20 ақпан 2020
АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...