ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

КӘСІПКЕР ПОЛИЦЕЙГЕ ҮЙ САЛЫП БЕРДІ

20:45, 10 қаңтар 2020

Аққайың ауданы полициясының учаскелік инспекторы жаңа жылда баспаналы болды. Оған қызметтік үйдің кілті осы ауданның полиция бөлімінде жылды қорытындылаған жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері бойынша өткен кеңесте салтанатты түрде табыс етілді. Жиынға аудан әкімі Рүстем Елубаев, Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Думан Таев, сондай-ақ аудандық полиция бөлінісінің ардагерлері қатысты.

Аққайың ауданында барлық бағыттар бойынша қылмыстардың ашылу көрсеткіші 95 пайызды құрады. Былтыр аудандық бөлімше қылмысқа қатысты 150-дан астам өтінішті тіркеген. Сондай-ақ, өткен жылы аудан жолдарында масаң күйде рөлге отырған 61 жүргізуші ұсталған. ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Таев профилактикалық жұмыстарды күшейтіп және халықпен жұмыс істеу кезінде ашық болуға шақырды.

ДУМАН ТАЕВ, СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- 2019 Өткен жыл есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жылы болды. Биыл ішкі істер министрі учаскелік полиция инспекторларының жылы деп жариялады. Сондықтан біз бірқатар ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізіп жатырмыз. Жұртшылықпен бірге тиімді жұмыс істеуді ұйымдастыру бойынша жоспар құрудамыз.

Аудандық учаскелік инспекторларды керек-жарақпен қамтамасыз ету Аққайың ауданынан басталды. Жедел кеңесте 25 жастағы полиция лейтенанты Азатбек Темірханұлына қызметтік баспананың кілті берілді. Аумағы  75 шаршы метр болатын қызметтік үй аудан орталығы Смирноводан 5 шақырым жердегі Трудовое ауылында орналасқан.

ПАВЕЛ ЛЕОНОВ, «САНТА-МАРИЯ» ЖШС ЖЕТЕКШІСІ:

 - Жаңа үй салдым. Мені аудан әкімі Рүстем Мұқашұлы қолдап, оны учаскелік полиция инспекторына береміз деп шештік.

Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Азатбек Темірханұлы алғашқы қысын жылы үйде қарсы алмақ. Жұбай екеуі тұңғыш перзенттерінің дүниеге келуін күтуде.

АЗАТБЕК ТЕМІРХАНҰЛЫ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

- Қызмет көрсететін учаскеде 1086 адам тұрады. Ауылдық округте 4 ауыл бар: Трудовое, Көктерек, Қанжығалы, Григорьевка. Осылай көмектесіп, осылай жұмыс істеуімізге жақсы мүмкіндіктер болып жатыр. Бізден тек талап етілетіні – жұмыс істеу.

Полиция департаментінің басшылығы учаскелік полиция инспекторларының баспаналық-тұрмыстық жағдайына мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр. Құқықтық тәртіп пен аумақтардағы профилактикалық жағдай тәртіп сақшыларының жұмыс сапасына байланысты болады.

Тақырып бойынша материалдар

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САУАЛДАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ
20:43, 14 ақпан 2020
ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САУАЛДАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...