ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТЕКСЕРІЛДІ

20:50, 21 мамыр 2020

Петропавлда қоғамдық көліктердің санитарлық нормаларды сақтауы тексерілуде. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРДЫ. Іс-шараға тәртіп сақшылары да жұмылдырылды.

Рейд барысында мамандар ескерту айтумен шектелді. Мақсат – қауіпсіздік шараларын ұстану қажеттігін еске салу.  Ұйымдастырушылар көлік салонының санитарлық жағдайын, дезинфекция жасауға арналған сұйықтықтар мен заттарды қолдану тәртібін, жүргізушілерде бетперделердің болуын тексерді.

ДУЛАТ БАЙТӨСОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандарымен бірлесіп, тексеріс жүргіздік. 11 қоғамдық көлік тексерілді. Оның барысында жүргізушілерге маска киюі, антисептиктер болуы тиіс екені айтылды. Жүргізушілер соңғы аялдамада автобус салонын залалсыздандырулары қажет.

Тексерушілер мен жүргізушілердің ортақ міндеті – кез келген инфекцияның таралуына жол бермеу. Жүргізушілер өздерінің жауапкершілігін жақсы түсінуі қажет. Өйткені мыңдаған жолаушылардың денсаулығы олардың өз жұмысына жауапты қарауына байланысты.

СЕРГЕЙ МОСКВИЧЕВ,  24М  БАҒЫТЫНДАҒЫ АВТОБУСТЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

- Соңғы аялдамаға келіп, антисептикпен залалсыдандырамыз. Мұның барлығы азаматтардың қауіпсіздігі үшін. Уақытымыз бар. Адамдардың қолдарымен ұстауы мүмкін жерлердің барлығын тазалап өтемін.

Санитарлық нормаларды сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастырудағы кемшіліктер үшін ешкім жауапкершілікке тартылмады. Әзірше жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер мен лауазымды тұлғалар үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан облыс жолдарында автобус жүргізушілерінің тарапынан жол қозғалысы ережелерінің 455 бұзушылығы анықталды. Негізінен олар – көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану мен маневр жасау ережелерін бұзуға қатысты.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУ
20:38, 23 қыркүйек 2020
УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...