ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ Толығырақ

КӨЛІКТЕН АҚША ҰРЛАҒАН ЖІГІТ ҰСТАЛДЫ

20:55, 21 қазан 2020

Петропавлда аулада тұрған көлітен қомақты ақша ұрлаған жігіт ұсталды. 33 жастағы тараздық осыған дейін де істі болған екен. Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицияға М. Жұмабаев көшесіндегі үй тұрғынынан аулада тұрған Lexus көлігінің терезесі бұзылғаны туралы хабарлама келіп түседі.  Көліктің иесі пәтерде болған кезде біреу машинаның алдыңғы терезесін сындырыпты.  Салоннан 200 мың теңгеден астам ақша салынған барсетка, банк карточкалары, құжаттар ұрланған. Қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері пәтерді аралап, куәгерлерді іздестірді. Ауладағы тұрақ бейнебақылау камераларының шолу аймағына кірмейді, сондықтан жақын маңдағы камералар зерттелді . Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде келесі күні көлікке ұрлыққа түскен  күдікті анықталып, ұсталды.

- Сонымен, сіз қара түсті барсетканы бергіңіз келді. Ол қайдан пайда болды? Тағы да түсіндіріңіз. - Джиптен ұрлады, ол жерде... қашан Джиптен? - Қара ... ол қайда болды? - Онда, ауланың жанында...

Ұсталған жігіт 33 жаста, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған, Петропавлға жұмысқа орналасу үшін келген Тараз қаласының тұрғыны болып шықты . Ер адам таныстарымен бірге жалдамалы пәтерде болған. Тінту барысында ұрланған барсетка, құжаттар мен ақшаның бір бөлігі табылды.

КАБИРА МҰХАМБЕТОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ.ПБ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, "ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, ұсталған күдіктінің Петропавл қаласының аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын автокөлік салондарында ақша мен құнды заттарды қалдырмауға, бейнебақылау камераларының шолу аймағына өз көлігін қоюға, дабылқаққыштың дұрыстығын қадағалауға, ал ұрланған жағдайда дереу полицияға "102"нөмірі бойынша хабарласуға кеңес береді.

 

Тақырып бойынша материалдар

«МАЛ ҰРЫСЫ» ОПЕРАЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:42, 23 қараша 2020
«МАЛ ҰРЫСЫ» ОПЕРАЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ГАРАЖ ҰРЛАП, МЕТАЛЛ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТІНЕ ТАПСЫРҒАН
20:38, 19 қараша 2020
ГАРАЖ ҰРЛАП, МЕТАЛЛ ҚАБЫЛДАУ ПУНКТІНЕ ТАПСЫРҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...