ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

«КӨРШІЛЕР БАҚЫЛАУЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

18:01, 4 қаңтар 2019

2018 жылы «Көршілер бақылауы» профилактикалық бағдарламасының тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефонына 2 мыңнан астам хабарлама келіп түскен. Олардың жартысына тәртіп сақшылары әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырған. Профилактикалық бағдарламаның жұмысы туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалында.

«Көршілер бақылауы» профилактикалық бағдарламасының 61-20-02 сенім телефонына қоңыраулар тәулік бойы қабылданады. Кез келген қала тұрғыны өзінің ауласында не болмаса көшесінде болып жатқан күдікті жағдайлар туралы хабар бере алады. Өткен жылы осындай қоңыраулардың арқасында 932 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Олардың ішіндегі көш бастап тұрғандары – белгіленбеген орындарда сауда жүргізу, абаттандыру ережелерінің бұзу, сондай-ақ, иттер мен мысықтарды бағып-қағу ережелерін ескермеу.  Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе құжатсыз тұру үшін 114 әкімшілік хаттама толтырылыпты. Сенім телефонына келіп түскен 2149 қоңыраудың 135-інде фактілер расталмаған.

МЫРЗАГЕЛДІ ИМАНБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

- «Көршілер бақылауы» бағдарламасы 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Аталмыш бағдарламаның жұмыс істеу принципі – бейжай қарамайтын адамдармен бірлесіп, өз үйлерін қылмыскерлер мен құқық бұзушылықтардан сақтау болып табылады. «Көршілер бақылауы» бағдарламасының 61-20-02 сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді. Егер де сіз жасалып жатқан құқық бұзушылық пен қылмыстың куәгері болсаңыз, бұл нөмір бойынша анонимді түрде хабарласа аласыз.

Профилактикалық топтың қызметкерлері заңсыз алкогольдік өнімдерді сату нүктелерін анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады. Сондай-ақ, өткен жылы «Көршілер бақылауы» бағдарламасының учаскелік инспекторлары ПИК төрғаларымен 725 кездесу өткізген. Аулалар мен көшелерде қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында полицейлер қала тұрғындарын қоғамдық белсенділік танытып, аталмыш бағдарламаның сенім телефонын қолдануға шақырады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...