ШҰҒЫЛ! ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ Толығырақ

ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРАЙ ЖАЗАСЫ

17:59, 16 қаңтар 2020

2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізіліп, олар күшіне енді. Мәселен,  зорлық-зомбылық орташа ауырдан ауыр қылмыс қатарына ауыстырылды. Енді 14 жасқа дейінгі балаға зорлық жасалса онда 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі. Мұнымен қоса, қылмыстық кодекс мал ұрлығы үшін жауапкершілікті анықтайтын және күшейтетін жаңа баппен толықтырылды.

Былтырлары Қарағанды және Ақмола облыстарында қорықшыны браконьерлер өлтіріп кеткеннен кейін, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық Кодекстің бірқатар Заңнамаларына өзгертулер енгізуге тапсырма берді. Мемлекет басшысы  халыққа жолдауында  браконьерліктің  ұйымдасқан қылмыс формасын алғандығын атап кетті. Ендеше оларға жасаған қылмысы  үшін жауапкершілік те күшеймек.

ҚЫМБАТ МЫРЗАҒҰЛОВА, СҚО ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

- Заңсыз аңшылыққа түзетулер енгізілді ҚР ҚК 337-бабы,  осылайша,  заңсыз аңшылық үшін  3 мың АЕК  дейін айып пұл көзделіп, мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейін лауазымды атқару немесе белгілі бір  қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Дәл осылай, заңсыз балық  немесе  су өсімдіктері мен жануарларын аулауға жаза күшейтілді. Заңмен жеке құрам болып бөлінді және еліктерді олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен  оның ішінде оның  мүйіздерін  заңсыз алу, иемденутасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтiн жерлерін жою 3 жылдан 5 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сондай-ақ,  есірткі сататын интернет сайттарды  жарнамалаған  граффитти-суреттерді салғандарға да қылмыстық жауапкершілік бар.

ҚЫМБАТ МЫРЗАҒҰЛОВА, СҚО ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

- Қылмыстық Кодекске есірткіні насихаттағаны және  заңсыз жарнамалағаны үшін  қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін жаңа  299-1 бап  енгізілді. Көзделген жаза түрі 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы ресурстарды пайдалану арқылы   есірткілерді  пайдалануға тәуелділік   ауыр қылмыстар санатына жатқызылды  бұл үшін, 3 жылдан 8 жылға дейін  бас бостандығынан айыру жазасы  қаралады.

Бұдан басқа, мас күйде көлік басқарып, салдарынан жол-көлік оқиғасына себепкер болатындарға жауапкершілік күшейтілді. Көлікті спирттік ішімдік ішіп жүргізіп, абайсызда  денсаулыққа орташа зиян келтірсе 1 мың АЕК дейінгі айыппұл салынады немесе 10 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады және 1 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін. Ал ауыр зиян келтірілген жағдайда - 3 мың АЕК дейін айыппұл салынады немесе 10 жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

КӨЛІКТІ ЗАҢСЫЗ ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
20:41, 26 мамыр 2020
КӨЛІКТІ ЗАҢСЫЗ ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар