ШҰҒЫЛ! ЖАҢА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ Толығырақ

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ

20:39, 3 қыркүйек 2019

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 36 отбасының  97 оқушысы облыстық және қалалық полиция ведомстволарының бөліністеріне бекітілді. Тәртіп сақшылары әр отбасыға барып, ҚАЛ ЖАҒДАЙЛАРЫМЕН ТАНЫСЫП, акциядан қалыс қалмай қайырымдылық көмек көрсетті.

ПД бастығы Марат Төлебаев екі отбасында болды. Өңірдің бас полицейі балаларға сыйлықтар беріп, мықты денсаулық, жаңа оқу жылында сәттілік, спорттық жетістіктер тіледі. Марат Сағынтайұлы бастап берген қайырымдылық акциясына барлық полиция бөліністері  де қатысты. Мысалы департамент жанындағы Әйелдер кеңесінің өкілдері әріптестерінің балаларына мұражайға экскурсия ұйымдастырып, сыйлық берді.

АЙГҮЛ ШОЛАНОВА, СҚО ПД КАДР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОР-ПСИХОЛОГЫ:

- Біз Департамент аппаратында жұмыс істеп жүрген қызметкерлеріміздің, көпбалалы отбасылардың балалары үшін, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін экскурсия ұйымдастырдық. Олар Білім күніне орай өңір полициясының тарихымен, ұжымдардың өмірімен, олардың қалыптасуымен, сондай-ақ, ата-аналары қызмет атқарып жүрген бөліністердің жұмысымен танысты.

ПД Әйелдер кеңесінің өкілдері кішкентай қонақтарға мектепке қажетті заттар салынған сөмкелер табыс етті.

ДАНИЯЛ ҚАЗИЕВ:

- Мен Полиция департаментінің мұражайына бірінші рет келдім. Маған сыйлық берді. Маған өте ұнады. Барлығына рахмет айтамын.

Полицейлердің айтуларынша, бұл экскурсия өңірдің даму тарихымен танысуға, сондай-ақ, балалар мен олардың ата-аналарының бос уақыттарын мәдени-танымдық бағытта өткізуге бағытталған. Мұражайға ата-аналарымен келіп, экскурсияны тамашалағандарына балақайлар өте қуанды. Осы сияқты іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
20:42, 18 қазан 2019
«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар