ШҰҒЫЛ! КӘСІПКЕРДІҢ КӨМЕГІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖАҢА ФОРМАТТА

17:57, 9 қаңтар 2019

Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес бұдан былай қару саласындағы мемлекеттік қызметтер жаңаша форматта көрсетілмек. Бұл жайында Петропавл қаласының полиция басқармасы тұрғындарға хабарлап отыр.  Толығырақ облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалында.

2018 жылдың 12 айында азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөліністерінің қызметкерлері 2487 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Олардың 455-і – Петропавл қалаылқ Полиция басқармасының еншісінде..

ӘЛІШЕР ЖАРМАҒАМБЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 867 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету түрі – электрондық. Демек, толықтай автоматтандырылған. Құжат электрондық үкімен порталында қабылданады.

Қажетті құжаттардың тізімі бұйрықта көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның қалайша жүзеге асырылып жатқанын «Электронды үкімет» порталындағы «Жеке кабинет» арқылы, сондай-ақ, бірыңғай call-орталық немесе 1414 номері арқылы білуге болады.

ӘЛІШЕР ЖАРМАҒАМБЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

- Азаматтарда керекті техникалық жабдықтар болмаған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруларына болады. Қосымша ақпарат Петропавл қаласының Полиция басқармасы, Жұмабаев көшесі, 118-үй, 109-кабинет немесе 39-48-66 номері арқылы алуға болады.

Сонымен қатар, аудан тұрғындары қосымша  кеңес алу үшін тұрғылықты мекен-жайлары бойынша аудандық полиция бөлімшелеріне  жүгіне алады.

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
20:52, 24 маусым 2019
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар