ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

МЕРЗІМІ ӨТКЕН ҚҰЖАТТАРДЫ 10 ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН АУЫСТЫРУ ҚАЖЕТ

17:24, 19 мамыр 2020

Көші-қон қызметі орталығы, сондай-ақ көші-қон қызметінің аумақтық бөліністері барлық санитарлық нормаларДЫ САҚТАЙ ОТЫРА бұрынғы режимде жұмыс істей бастады. Карантин кезінде облыстың 8 мыңға жуық тұрғыны жеке басты куәландыратын құжаттарды дер кезінде ресімдей алмапты.  Олардың 1700-ден астамы 16 жасқа толғандар. Сонымен қатар, 5 күн ішінде 189 шетелдік азамат Солтүстік Қазақстан облысы аумағында уақытша тұруға рұқсат алды.

Солтүстік Қазақстанның 8 мыңға жуық тұрғыны карантиндік шаралардың салдарынан жеке басты куәландыратын құжаттарды дер кезінде ресімдей алмады. Олардың 1700-ден астамы 16 жасқа толған. Көші-қон қызметі басқармасы атап өткендей, бұл азаматтарға әкімшілік шаралар қолданылмайды. Мамырдың 18-нен бастап халыққа қызмет көрсету орталығында құжатты ресімдеуге болады. «Жарамдылық мерзімі төтенше жағдай кезінде өткен және ол тоқтатылған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде жеке басты куәландыратын құжаттар жарамды деп танылады. Мерзімі өткен құжаттарды 10 шілдеге дейін ауыстыру қажет», - дейді көші-қон қызметінің мамандары.

- Мы проверим ваши документы, посмотрим базы. Если у вас основания есть для продления, для получения временной регистрации, то мы вас поможем.

Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, шығу және қалпына келтіру мәселелері бойынша күннің бірінші жартысында, ал  түстен кейін халыққа қызмет көрсету орталығы тұрақты тұруға рұқсат алушыларды қабылдайды. Уақытша тұруға рұқсат пен еңбек патенті 1  күн ішінде ресімделеді. Мұндай кесте бір мезгілде келушілердің санын азайтуға мүмкіндік береді.

ЖАНАТ САҒЫНТАЙ, СҚО ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Сонымен бірге белгілі бір мемлекеттік қызметтерді әртүрлі уақытта алу кестесі жасалды. Жұмыс кестесі туралы Полиция департаментінің сайтында жарияланды. Төтенше жағдай режимі кезінде белгіленген мерзімде елден кете алмаған шетелдіктерге әкімшілік шаралар қолданылмайды. 10-шы шілдеге дейін қосымша құжаттарды ресімдемей Қазақстаннан шыға алады. Ал Қазақстанда қалуды жоспарлаған шетелдіктер өзінің құқықтық мәртебесін реттей алады.

ТЖ режимі тоқтатылғаннан кейін бес күнде облыстық көші-қон қызметіне 263-тен астам азамат жүгінген, оның ішінде 189 шетелдік уақытша тұруға рұқсат ресімдеді.

Тақырып бойынша материалдар

МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ГИМНДІ ОРЫНДАДЫ
20:46, 4 маусым 2020
МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ГИМНДІ ОРЫНДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар