ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

МҮГЕДЕКТІ ТОНАҒАН ҚАРАҚШЫ ҰСТАЛДЫ

17:58, 18 қыркүйек 2019

Облыс орталығында зағип жанның қолынан ақшасын жұлып әкеткен қарақшы ұсталды.  Ол бұрындары істі болған  23 жастағы ауыл азаматы болып шықты. Күдікті ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатылды. облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалында.

Тоналған азамат Аққайың ауданының 42 жастағы тұрғыны. Ол Петропавлдағы  қонақ үйлердің бірінен алған бөлмесін босатып, есеп айырысып, қалған 7 мың теңгесін алып шығады.  Кіреберісте бейтаныс адам келіп темекі сұрап, кейін қолындағы ақшасын жұлып әкеткен.  Жәбірленушісінің көзі нашар көретіндіктен қылмыскердің түсін түстеп бере алмады.

СЕЙІЛХАН ЖҰМАҒҰЛОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БІРІНШІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері осы іске болуы мүмкін деген күдікпен Қызылжар ауданының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-ның 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Іздестіру жұмыстарына жедел уәкілдер, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полицейлер, Жедел басқару орталығының бейнебақылау операторлары жұмылдырылған. Көп ұзамай сақшылардың бірлескен жұмысы нәтижелі болды. Күдікті қолға түсті. Ол ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған Қызылжар ауданының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.

- Сол маңнан өтіп бара жатқан едім. Бір уақытта дәмханаға бір ер адам кірді. Жақындап барып темекі сұрадым. Ол маған темекі жоқ деді. Қолындағы ақшаны көрдім. Жұлып алып, үйдің артына қарай қаша жөнелдім

Аталған факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бұл баптың санкциясы төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын көздейді.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
20:42, 18 қазан 2019
«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар