ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ОБЛЫС АУМАҒЫНДА 721 ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫ ТІРКЕЛГЕН

20:38, 14 тамыз 2019

Облыс сақшылары тамыздың 12-нен «Пәтер» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында жұмыс істейді. Бұл жұмысқа күнделікті 250-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылған. Толығырақ тілшіміздің бейнематериалында.

- Необходимо, в летнее время, особенно когда уезжаете на выходные, на отдых – закрывать двери.

Жыл басынан облыс аумағында 721 пәтер ұрлығы тіркелген. Үш күндік жедел алдын алу іс-шарасының басты масқаты бұрын жасалған ұрлықтарды ашу және олардың алдын алу. Алғашқы күні-ақ облыс полицейлері бұрын жасалған 10 қылмысты ашып үлгерді. Алдын ала құрылған 13 жедел-іздестіру топтары қолды болған заттарды сату мен сатып алудың 65 орынын тексерді. Сондай-ақ, ұрланған заттарды сатып келген 5 тұлға анықталып, олардың барлығы есепке алынды. Тәжірбие көрсетіп отырғандай аталмыш қылмыстың алдын алудың бірден бір тиімді жолы - ол аулалық және пәтер аралық тексеріс жұмыстарын жүргізу.

 МАДИЯР ХӘРІПОВ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Пәтер ұрлықтары күндіз үй иелері үйлерінде болмағанда және жол жүріп кеткен уақытта жасалады. Пәтер ұрлаушылар құлыптарды бұзып және оған ұқсас кілттермен ашып, үйге кіріп мүліктерін ұрлап кетеді. Осындай фактілерді болдырмау үшін азаматтарға айта кететініміз өздерінің үйлеріне дабыл орнатқыш орнатып, және бейнебақылау орнатуға кеңес береміз.

Терезелерге орнатылған торлар, кіре-беріс есіктің үстіне индикатор шамдары бар датчиктер мен подездерге орнатылған бейнебақылау камералары пәтер ұрыларының қызығушылығын айтарлықтай төмендетеді. Сонымен қатар, полицейлер әлеуметтік желілерде демалыста түскен фотосуреттерді жарияламауға кеңес береді. бұл ақпараттың барлығын бейтаныс адамдар өз керектеріне пайдалана алады. Ұрлықтардың алдын алудың тағыда бір тиімді әрі тексерілген тәсілі көршілермен достық қарым-қатынаста болу. Қаладан кеткен кезде пәтеріңізге көз қырын салып жүретін адамыңыз барын біліп алаңдамайсыз.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ПД БАСТЫҒЫ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
20:43, 19 қыркүйек 2019
СҚО ПД БАСТЫҒЫ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...