ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

ОБЛЫС ТҰРҒЫНЫ ЖЕМІСТЕРДІҢ ІШІНЕН ДӘРІГЕ ҰҚСАС ЗАТ ТАПТЫ

20:47, 9 қаңтар 2020

Тайынша ауданының тұрғыны жемістердің ішінен дәріге ұқсас ақ зат тауып алды.  Бұл жайында бейнежазба 8-қаңтар күні әлеуметтік желіде жарияланды.

Ролик көпшілікті бейжай қалдырмады. Ата-аналар бірін-бір ескерту үшін оны ватсап желісіндегі топтарда кеңінен таратты. Оқыс оқиға Тайынша ауданындағы Қарағаш ауылында болған. Елді мекен тұрғыны жергілікті дүкеннен жеміс-жидек сатып алады. Үйге келіп балаларына мандарин бермек болған ол  ішінен дәріге ұқсас ақ заттарды тапқан. Таблеткалар алма мен алмұрттың да ішінен шығыпты.

СӘН ЖҰМАҒАЗИНА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 306 бабы 1 бөлігі қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енді. Мән-жайын анықтау мақсатында кешенді шаралар жүргізілуде.

Қарағаш ауылының тұрғыны жеміс ішінен 9 күдікті зат тауып алғаннан кейін бірден ауылдық фельдшерге барған. ӨЗ кезегінде дәрігер полицейлерге хабар беріпті. Мамандар белгісіз заттың құрамын анықтау мақсатында зертханалық жұмыстарды бастап кетті. Полиция департаменті және облыс прокуратурасының басшылығы бұл істі өз бақылауына алды.

Тақырып бойынша материалдар

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САУАЛДАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ
20:43, 14 ақпан 2020
ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САУАЛДАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...