ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ НАУРЫЗ! Толығырақ

ОБЛЫСТА 106 КҮЗЕТ ҰЙЫМЫ БАР

21:15, 10 қаңтар 2019

Өңіріміздің тәртіп сақшылары жеке күзет ұйымдары қызметкерлерінің кенеттен болатын шабуылдарға төтеп беру дайындығын тексеруді жалғастыруда. Толығырақ облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалында.

Петропавл қаласының шеткері ауданында орналасқан жанармай құю станциясының павильонына бетперде киген ер азамат басып кіріп, қорқытып, кассирден ақша талап етеді. Кезекші күзетші тез арада шабуылдаушыны еденге құлатып, кассир дабыл тетігін басады. Бір-екі минуттан кейін жанармай құю станциясына күзет ұйымының экипажы келіп жетті. Ұсталған азамат оқиға орнына келген жедел-тергеу тобына тапсырылды. Бұл – облыстық Полиция департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімі қызметкерлері кенеттен өткізген жаттығу іс-шарасының сценарийі.

САМАЛ ҚАСЕНОВА, СҚО ПД КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Күзет қызметін бақылау бөлімі 2018 жылы облыс аумағында 39 оқу-жаттығу іс-шарасын өткізді. Бұл сабақтар күзетілетін объектілерде кемшіліктерді, әсіресе, техникалық тұрғыда дұрыс жабдықталмауын, дабыл тетіктерінің, бейнекамералардың болмауын  анықтауға, сондай-ақ, полиция мен күзет ұйымдары қызметкерлерінің бірлескен жұмысының сапалы атқарылуын тексеруге бағытталған.

Күн сайын 16 күзет құрылымдарының 32 мобильдік тобы күзетілетін объектілерде ғана емес, полиция қызметкерлерінің біріктірілген күштерінің құрамында өз секторларындағы тәртіп пен тыныштықты қадағалайды. Облыста барлығы 106 күзет ұйымы және дабыл белгілеріне монтаж жүргізумен, сондай-ақ оларға қызмет көрсетумен айналысатын 50 ұйым тіркелген.

МҰРАТ МҰХАМЕТАЛИН, ЖЫЛДАМ ӘРЕКЕТ ЕТУШІ ТОПТЫҢ КҮЗЕТШІСІ:

Жиырма минут бұрын бізге дабыл белгісі келіп түсті. Біз тез арада келіп, шабуылдаушыны қолға түсірдік. Қолында бұрағышы болды.

2018 жылы күзет ұйымдарының қызметкерлері 53 қылмыстың ашылуына қатысып, 1000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаған.

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕЙНЕКАМЕРАЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН 30 АСТАМ ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫ
17:53, 19 наурыз 2019
ПЕТРОПАВЛДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕЙНЕКАМЕРАЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН 30 АСТАМ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
20:59, 19 наурыз 2019
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
Толығырақ...
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
14:27, 19 наурыз 2019
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...