Былтыр облыстық ПД мамандары 195 есірткі қылмысын анықтаған. Сонымен қатар, телеграмм мессенджері арқылы жұмыс істеген 6 заңсыз интернет дүкеннің жұмысына да тосқауыл қойыпты. Қала көшелеріне де есірткі дозаларын жасырып кететіндер полицейлердің жіті назарында.
СҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 28 жастағы Көкшетау тұрғынын сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Ол астанадан Петропавлға келген. Кейін күні бойы мессенджердегі "кураторының" тапсырмасы бойынша,Парк, Жамбыл, Чайковский және басқа да қала көшелеріне синтетикалық есірткінің 20-дан астам дозасын жасырған. Алайда,полицейлердің жедел әрекетінің арқасында сол күні сағат 17:00 - де ер адам ұсталады. Тергеу кезінде қылмыскер химиялық улы дәрінің 22сін жасырып үлгергенін айтты.
- Обнаружено вещество: рассыпчатое, комкообразное, желтого цвета) Оперативное видео обыска УПН.
Ер адамның жалға алған пәтерін тінту кезінде тәртіп сақшылары қаптама материалын, таразы, қасық, сондай-ақ қызыл түсті кристалл тәрізді зат тапқан. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 100 грды құрады.
РУСЛАН НАЗАРОВ, СҚО ПД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- 2020 жылдың 12 айында есірткі қылмысына қарсы күрес шаралары аясында 195 есірткі қылмысы анықталды. СҚО аумағында синтетикалық психобелсенді заттарды таратқан Telegram мессенджеріндегі алты интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылды. Сондай-ақ, жарнаманы орналастырудың екі фактісі анықталып, олардың біреуіне қатысты іс сотқа жіберілді. Сотталушы 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Заңсыз айналымнан 462 кг-дан астам түрлі есірткі, оның ішінде 1 кг 591 гр-нан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.
Әлеуметтік желілерде полицейлердің ресми аккаунттары жұмыс істейді, сондай-ақ өңір тұрғындары 8 (7152) 39-41-93 сенім телефоны арқылы есірткіге байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты хабарлай алады.