ШҰҒЫЛ! БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ӨЗГЕГЕ НЕСИЕ РӘСІМДЕГЕН АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

20:45, 15 қыркүйек 2020

Петропавлда ер адам жұмыс берушінің атын жамылып, онлайн несие алу үшін солтүстікқазақстандықтардың жеке деректерін білген. Полицейлері бірнеше тұрғынның атына несие ресімдеді деген күдікпен 30 жастағы жігітті ұстады.

Осы іске байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Әзірге алаяқтың арбауына қанша адамның іліккені белгісіз. Қазір ұсталған адам қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.

ЖАНГЕЛДІ ӘПЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Жүргізілген жедел Іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен  30 жастағы бұрын сотталмаған Петропавл қаласының тұрғыны анықталып ұсталды. Қазіргі уақытта, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды және аталған факті бойынша  ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлімі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс  қозғалды.

Күдіктінің сөзіне қарағанда, ол интернет-ресурстарда жұмысқа қабылдау туралы жарнамалар орналастырған.

КҮДІКТІ:

 - ОЛХ, маркет КЗ сайттарында жұмысқа қабылдау туралы хабарландыру орналастырдым. Кейін адамдарға хабарласып, келісімшарттарды жібердіәм. Олар өздері туралы мәліметтерді берді, нәтижесінде мен олардың атына шағын несилер алдым.

Несиеге берілген қаражат зардап шегушілердің карточкаларына аударылған кезде, ол ақшаны алаяқ түрлі сылтаумен алып отырған. Мысалы, жұмыстан шығарылған қызметкеріне есепшоты болмағандықтан ақша аудара алмайтынын айтқан. Осылайша, ол карточка иелерінен есепшоттағы ақшаны киви-әмиянға аударуды сұраған. Аударылған қаражат 160-тан 220 мыңға дейінгі соманы құрайды.  

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА 13 ЗАҢДЫ ӨКІЛ АТА-АНА ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
17:22, 20 қазан 2020
ПЕТРОПАВЛДА 13 ЗАҢДЫ ӨКІЛ АТА-АНА ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ЖАҢА КӨЛІКТЕР ТАПСЫРЫЛДЫ
17:15, 16 қазан 2020
ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ЖАҢА КӨЛІКТЕР ТАПСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БЕЛГІЛІ ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ 60 ЖАСҚА ТОЛДЫ
20:37, 16 қазан 2020
БЕЛГІЛІ ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ 60 ЖАСҚА ТОЛДЫ
Толығырақ...