ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАЗАСЫНДАҒЫ ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМШЕСІН АРАЛАДЫ Толығырақ

ПАТРУЛЬДІК АВТОКӨЛІКТЕР БЕЙНЕТІРКЕУ ЖҮЙЕСІМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ

20:45, 15 қаңтар 2020

Петропавлда патрульдік полицейлердің автокөліктері замамануи бейнетіркеу жүйесімен жабдықталды. Жаңа инновацияның тұсаукесері полицияның кешенді күштерінің алғашқы жалпыгарнизондық таратуында өтті. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалы.

Қаңтар айынан бастап Петропавл қ. Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметтік автокөліктері Streamax автомобильдік бейнетіркеу жүйесімен жабдықталды. Бұл құрылғы бірден төрт камерадан бейнетіркеу жүргізе алады.

ДАРХАН НАУРЫЗБАЕВ, СҚО ПД АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Көлікте барлығы төрт бейнекамера орнатылған. Оның үшеуі көлік ішінде. Сыртында орнатылған камера 360 градусқа бұрылу қабілеті бар. Бұл камералар дәлелдік база, құқық бұзушылықтарды анықтау және полиция қызметкерлерінің заңдылықты сақтауы үшін қолданылады. Яғни жүргізуші өзінің құқық бұзушылығымен патрульдік автокөлік ішінде орнатылған стационарлы монитор арқылы таныса алады.

Жақын арада тағы 14 патрульдік автокөлікті бейнетіркеу жүйесімен жабдықтау жоспарланып отыр. Аталмыш жүйенің негізгі қызметі – қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды тіркеп,  дәлелдер базасымен қамтамасыз ету, полиция қызметкерлерінің заңдылықты сақтауын бақылау, сыйбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу.

- Бдительное несение службы. Вежливое обращение в гражданами. Понижение температуры ожидается, будьте внимательны.

Полицияның кешенді күштерінің жалпыгарнизондық таратуы апта сайын өткізіледі. Сап түзеуге қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық қызметкерлер шығады. Әдеттегідей, жалпыгарнизондық таратуда қызмет барысында көзге түскен қызметкерлердің еңбегі еленді.  Қылмыстарды «ізін суытпай» ашқаны, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін облыстық полиция басшысының бұйрығымен полиция лейтенанттары Мұратхан Құсайынов пен Саят Дүйсенбин, полицияның кіші лейтенанты Руслан Ешкеев алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, әріптестерінің алдында алты офицер «Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалін, кезекті арнайы шендерін алды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ
17:16, 31 наурыз 2020
ОБЛЫСТА ЕКІНШІ АДАМДА КОРОНАВИРУС РАСТАЛДЫ
Толығырақ...