ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ Толығырақ

ПӘТЕРЛЕРДІ ТОНАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

20:50, 11 ақпан 2020

Петропавл полицейлері пәтер ұрлықтарына қатысы бар деген күдікпен төрт ер адамды ұстады. Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген қонақтардың криминалдық әрекеттері туралы ақпаратты тәртіп сақшылары жедел іс-шаралар барысында анықтады. Толығырақ облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалында.

4 және 5 ақпан күндері «102» пультіне пәтеріміз тоналды деп екі тұрғ,ын хабарласқан.  Анықталғандай, белгісіз тұлғалар кілт таңдау әдісімен үйге еніп, ақшалай қаражатты қолды қылған. Алғашқы пәтерден бір миллион теңгеден астам қаражат ұрланса, екіншісінен 500 мың теңгені жоқ қылған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері шығып, қажетті іс-шаралар жүргізді. Криминалистер мен жедел уәкілдердің жан-жақты жұмысы, пәтер тонауда көп жылдық тәжірибесі бар күдіктілердің ізіне түсуге мүмкіндік берді. Барлығы түрлі қылмыс жасағандары үшін бұрын сотты болғандар. Ойларын іске асырған олар, қаладан шығар жолдағы бақылау пунктінде ұсталды.

МАДИЯР ХАРИПОВ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Ақмола және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары анықталып, олар Петропавл қаласынан шыға берісіндегі Оңтүстік бекетінде ұсталды. Тексеру жұмысытары барысында олардан ұрланған ақша және есіктерді ашатын құралдар тәркіленді.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталғандардың еліміздің басқа өңірлеріндегі қылмыстарға қатыстылығы да тексерілуде.

- Есіктерді қақтым. Ешкім ашпаған пәтерлердің есіктерін арнайы аспатарымызбен ашып, ішке еніп отырдық. Есіктерге оңай ашылатын құлыптар орнатылған екен.

Екі үйде де кіреберіс есіктер бір құлыппен жабық тұрған. Ұрылар үшін ол ешқандай қиындық тудырмаған.

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
20:50, 20 ақпан 2020
АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...