ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА «АҚ ТАЯҚ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

17:26, 16 қазан 2020

Петропавлда ПОЛИЦЕЙЛЕР Халықаралық зағиптар күніне орай қала көшелерінде эксперимент жүргізді. Осылайша тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерді көру қабілеті нашар жандардың мәселесіне назар аудартып, олардың жолдағы артықшылықтары жайында еске салды.

"Ақ таяқ" айлығы аясындағы акцияға "Қазақ зағиптар қоғамы"қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының өкілдері мұрындық болды.  Жол қозғалысы ережесінде көзі көрмейтін жаяу жүргіншілер үшін артықшылықтар қарастырылған.

ЖАМБЫЛ ҚАЛИЕВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- ЖҚЕ сәйкес 5-бөлімнің 14-тармағы барлық жағдайларда, оның ішінде жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерлерде жүргізуші ақ таяқпен белгі беретін зағип жаяу жүргіншілерді өткізуі тиіс. Осы құқық бұзушылық әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 600-бабы бойынша жауапкершілік көзделген.

Тәжірибе  көрсеткендей, жүргізушілердің көпшілігі ЖҚЕ-нің осы тармағы туралы білмейді. Оны полицейлер арнайы эксперимент барысында анықтады. Уәлиханов көшесі бойымен  жолды кесіп өтпекші болған ақ таяқты қызды ешкім елеген жоқ. Кейбір жүргізушілер тіпті ашуға мінді.

АЙНАГҮЛ ТӘШЕНОВА, "ҚАЗАҚ ЗАҒИПТАР ҚОҒАМЫ" ҚБ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз көптеген жүргізушілердің бұл ережені білмейтініне көз жеткіздік. Көбісі тоқтамады, қызымызға дөрекі сөздер айтты.

Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерді тоқтатып, зағип жаяу жүргіншілердің жолдағы құқықтарын түсіндіріп, жадынамаларды  табыс етті. Бұл жолы жүргізушілерге әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданған жоқ. Олардың мақсаты – ескерту.  Себебі кей көше қиылыстарында арнайы бағдаршамдар жоқ.

 

Тақырып бойынша материалдар

«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
20:47, 22 қазан 2020
«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...