ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА ҚЫСҚЫ ПРЕЗИДЕНТТІК КӨПСАЙЫСТАН ҚР ІІМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

17:55, 14 наурыз 2019

Бүгін облыс орталығында  құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында қысқы президенттік көпсайыстан ҚР ІІМ Чемпианатының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасыр Мадияр Қожахмет, полиция генерал майоры Берік Біләлов және спорт саласының өкілдері қатысты. Екі күнге созылатын жарысқа еліміздің 12 өңірінен тәртіп сақшылары қатысып жатыр.

Елімізде бірінші рет өткізіліп жатқан Республикалық көпсайыста бас қосқан тәртіп сақшыларына өңір жетекшісінің атынан облыс әкімнің орынбасары Мадияр Қожахмет сәттілік тіледі.

МАДИЯР ҚОЖАХМЕТ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Менің қысқы президенттік көпсайыс түрлерінен Республикалық чемпионатқа келушілер барлықтарыңызды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың атынан осы Қызылжар өңіріне қош келдіңіздер.

Қазақ елі Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері Ұлт Көшбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен бұқаралық спортты дамыту үшін қыруар жұмыстар атқарылып келеді. Себебі, дені сау ұлт – тұтастай бір мемлекеттің болашағы. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында өтіп жатқан қысқы президенттік көпсайыстың да басты мақсаты тәртіп сақшылары арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру.

ДАМИР БЕКМҰРЗИН, ПД АРНАЙЫ ДАЯРЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Қысқы президенттік көпсайыс ІІМ спартакиадасының алғашқы түрі болып келеді. Осы чемпионатқа республикамыздың 12 ПД-нің ең мықты деген 48 полиция қызметкерлері қатысып отыр. Бұл спартакиада СҚО ПД бастығы Берік Біләловтың ұсынысымен алғашқы рет өткізілуде.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері түрлі жарыс алаңдарында жауынгерлік қарудан ату, тартылу және еденнен денені көтеру, шаңғыдан өзара мықтыны анықтамақ. Әр команда құрамында 4 адамнан. Жамбыл облысының намысын қорғап келген құрама бұл көпсайыстарға небәрі 3 апта дайындалдық соған қарамастан жеңістен үміттіміз дейді.

ЕРЖАН БАЙМҰРАТОВ, АРНАЙЫ ДАЯРЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ:

Жыл қорытындысы бойынша Жамбыл облысы ПД Республикалық ІІМ қолданбалы спорт түрлерінен бойынша командалық 1-ші орынға ие болған едік. Мына жарыс бірінші рет өткізіліп тұрғандықтан командаға 4 адамды іріктеп алдық. Спортшыларымыз осы жарыста жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенеміз.

Облыстық полиция департаменті басшылығының бастамасымен өткізіліп жатқан республикалық сайыс 2 күнге жалғаспақ.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ӨМІРІНЕ АРАША ТҮСКЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
21:16, 16 мамыр 2019
АДАМ ӨМІРІНЕ АРАША ТҮСКЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...