ШҰҒЫЛ! ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА МЕТАЛЛ ҚАБЫЛДАЙТЫН 38 ОРЫН БАР

17:28, 29 шілде 2020

Петропавлдық полицейлер түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашу бойынша жедел-профилактикалық іс-шара өткізді. Рейд барысында облыс орталығындағы металл қабылдау орындарының 21-і тексеріліп, кейбірінен заң бұзушылықтар анықталды.

Операция өткен үш күн ішінде металл қабылдайтын пункттер бақылауға алынды. Петропавлда барлығы 38 пункт бар. Олардың 21-і тексерілді.

ЖАСҰЛАН ШАМШУАЛИЕВ, УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

- .Егер күмәнді металл әкелінсе, бұл жердің иелері, жұмысшылары металл әкелген адамдардың мәліметтерін жазып алып, бізге хабарласуы қажет.

Осындай жұмыстың нәтижесінде екі қылмыс ашылды. Қаладағы жер үйлердің ауласынан ұрланған шойын плита, металл құбырлар мен темір қақпа табылды. Бұл заттар иелеріне қайтарылып, қазір мән-жай анықталуда.

ЖОМАРТ ЕСЛӘМОВ, МЕТАЛЛ ҚАБЫЛДАУ ОРНЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ:

- Көбіне мас адамдар, тағы басқа күмәнді адамдар аккумуляторлар, дискілер, флягалар сияқты түрлі заттарды әкеледі. Ондай жағдайда қабылдамаймыз.

Криминалдық полиция және учаскелік полиция инспекторларының осындай бірлескен жұмысы алда жалғасатын болады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА 183 ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ ІС ТІРКЕЛДІ
20:40, 27 шілде 2020
ОБЛЫСТА 183 ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ ІС ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар