ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДЫҚ ЕСІРТКІ ЖАРНАМАЛАҒАНЫ ҮШІН СОТТАЛДЫ

17:25, 16 қазан 2020

Алғаш рет Қазақстанда  электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттағаны немесе заңсыз жарнамалағаны үшін сот үкімі шықты. 29 жастағы петропавлдық 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол наурыз айында ұстаған болатын.  

Бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған қалалық «Telegram» мессенджері арқылы әрекет еткен.  Ол осы интернет-ресурста синтетикалық есірткі сатып келіпті.   Ұсталған адам мінген таксиді тексеру кезінде бірнеше грамм синтетикалық есірткі тәркіленді. Негізгі бөлігін, яғни 400 граммнан астам спайсты полицейлер күдіктінің пәтерінен тапты. Сондай-ақ, одан синтетикалық есірткі дайындауға арналған концентрат, электронды таразы, орауыш материалдары, ұялы телефон және ноутбук тәркіленді. «Спайс сату үшін ол «Папа может» атауымен интернет-дүкенін ашқаны да анықталды.  Сонымен қатар, қала тұрғынына есірткі заттарын сату және өткізу мақсатында заңсыз дайындағаны, сақтағаны үшін де жаза кесілді. Облыста жыл басынан бері заңсыз айналымнан 398 келі түрлі есірткі заттары, оның ішінде бір жарым келіден астам синтетикалық есірткі.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
20:47, 22 қазан 2020
«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...