ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ Толығырақ

ПОЛИЦЕЙЛЕР АВТОҰРЫНЫ ҰСТАДЫ

20:35, 14 қыркүйек 2020

Полицейлерге Петропавлдың екі тұрғыны  автокөлік салондарынан ақша ұрланды деп арызданды.  Екі жағдайда да  ұры ешбір із қалдырмай жұмыс істеген.  Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әзірлеген материалға назар аударайық.

4-ші қыркүйек күні “Mitsubishi” көлігінен  әмиян жоғалады. Петропавл тұрғыны көлігін  Горький  көшесі бойындағы  мектеп жанында қалдырған. Қайтып келгенде әмиянын орнынан таппапты. Оның ішінде ақша және банк карталары болған. Келтірілген шығын 150 мың теңгені құрады. 8-ші қыркүйекте осыған ұқсас қылмыс жасалып, бұл жолы “Nissan Almera” көлігінен 22 мың теңгесі бар әмиян ұрланды. Петропавлдық көлігін балабақша жанында қалдырған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды.

ДАРХАН ЗИЯФИДДИН, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ  КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ  БАСТЫҒЫ:

- Қыркүйек айында Петропавл қаласының екі тұрғыны полиция бөлімшесіне автокөлік ұрлығы жайлы арыз   жазды.  Жедел- іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, Петропавл қаласының криминалдық полиция бөлімінің мамандары  1964 жылы туған СҚО тұрғынын ұстады.  Ол бұрын сотталған.

Күдікті бұрын жасаған әр түрлі қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған екен. Қазір  ол уақытша ұстау  изоляторында отыр. Тергеу жұмыстары жүргізілуде. Полиция  одан ұрланған заттың бір бөлігін, сондай-ақ автодабылқаққыштың кодын оқуға мүмкіндік беретін электрондық құрылғыны алды.

Тәртіп сақшылары көлік салондарында  құнды заттар мен ақша қалдырмау керектігін айтады.  Мүмкіндігінше, көлікті бейнебақылау камералары бар алаңға қоюға кеңес береді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНАН 36 ГРАММ ГЕРОИН ТАБЫЛДЫ
20:53, 30 қыркүйек 2020
ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНАН 36 ГРАММ ГЕРОИН ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚАРИЯНЫ ҚҰТҚАРҒАН ЖІГІТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
17:21, 29 қыркүйек 2020
ҚАРИЯНЫ ҚҰТҚАРҒАН ЖІГІТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
«ҚАРУ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
20:36, 28 қыркүйек 2020
«ҚАРУ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...