ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 8 ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ӘКЕЛІНДІ Толығырақ

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА

17:23, 4 тамыз 2020

Солтүстікқазақстандық полицейлер басқа  мүдделі органдармен қатар «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасына қатысуда. 20 шілдеден табиғатты қорғау полициясы мен учаскелік инспекторлар   Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аумақтық бөліністеріне көмек көрсетіп жатыр.  Бірлескен рейдтер күн сайын жүргізіледі.

Полицейлердің басты назарында – солтүстікқазақстандықтар жиі баратын өзен-көлдердің жағалаулары мен орман массивтері. Табиғат аясында демалуға тыйым салынбайды, алайда заңнама бұзуға жол бермеу керек дейді тәртіп сақшылар.

ӘЛИШЕР ЖАРМАҒАМБЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- 2020 жылғы 24 шілде мен 30 тамыз аралығында табиғатты қорғау прокуратурасы, экология прокуратурасы, территориалды инспекция, табиғат ресурстары басқармасы, Есіл бассейіндік инспекциясымен бірге «Таза Қазақстан» жедел-іздестіру іс-шарасы өткізілуде. Басты мақсат – соңғы кезде жиі кездесетін жеке және заңды тұлғалар экология саласында заңбұзушылық фактілерінің алдын алу, қоршаған ортаны қорғау.

Белгіленбеген жерлерде шомылуға, от жағуға, жағажайларды ластауға болмайды. Жағалауларды тазартуға ерекше көңіл бөлінетінін айта кеткен жөн. Соңғы акциялардың бірін тәртіп сақшылары экологтармен бірлесе Есіл өзенінің жағасында өткізді.   

АЗАМАТ БЕКТАСОВ, СҚО БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Акция Есіл өзенінің жағасында өткізілуде. Аталған акцияның мақсаты – біріншіден, адамдар демалатын орындарды тазалау, сондай-ақ рекреациялық орындарда жүретін адамдардың мәдениетін арттыру.

Экологтар мен полицейлер қолдарына  пакет  алып, Есілдің жағасын тазалауға кірісті. Мұндай акциялар қазіргі уақытта облыстың барлық аймақтарында өткізілуде. Мәселен, Мамлют ауданында тәртіп сақшылары еріктілермен бірге табиғатты сақтауға шақыратын бейнеролик түсірген. Сондай-ақ, іс-шара аясында саябақтарды таза ұстау, елді мекендерде құқықтық тәртіпті сақтау бойынша жұмыс күшейтілді. Екі апта ішінде 918 құқық бұзушылық анықталды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР 60 КГ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ
20:43, 29 қазан 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР 60 КГ ЖУЫҚ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН МАС КҮЙДЕ 701 ҚЫЛМЫС ЖАСАЛҒАН
13:05, 29 қазан 2020
ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН МАС КҮЙДЕ 701 ҚЫЛМЫС ЖАСАЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:18, 26 қазан 2020
«AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...