ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ БЕСІНШІ МУЗЕЙІ АШЫЛДЫ

18:02, 17 ақпан 2020

Шал ақын ауданының Полиция бөлімінде ішкі істер органдарының    тарихы туралы  сыр шертетін музей бөлмесі ашылды. Салтанатты шараға ҚР ішкі істер министрінің орынбасары болған полиция генерал-майоры Әлімжан Ахмадин қатысып, бағалы экспонаттарды тарту етті. Толығырақ облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалында.

Генералдың нысандық формасы,  интернационал   жауынгердің медалі, «Фотоснайпер-12», осы және басқа құнды жәдігерлерді Сергеевка қаласында  орналасқан Шал ақын ауданының Полиция бөліміндегі жаңа музейде көруге болады.  Бұл – аудандық полиция бөлімдерінде ашылған бесінші музей. Іс-шараға аудан әкімі, СҚО ПД бастығының орынбасары   Қанат Айтбаев арнайы келді. Сондай-ақ,   генерал-майор Әлімжан Ахмадин, бұрын Сергеев ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары болған Қобылан Хамзиннің жары  Сақып Қоспанқызы қатысты. Әлімжан Ахмадин Шал ақын ауданының тумасы. ауданның құрметті азаматы . Осы жолы келгенінде құрметті ардагер музейге папахасын, кителін, шинелі мен былғары етігін тарту етті. Генерал-майор Ахмадин – қазақстан полициясының аңызға айналған тұлғасы. Жедел уәкілден бастап ҚР ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне дейінгі еңбек жолынан өтіп, қырық жыл өмірін арнады.

ӘЛІМЖАН АХМАДИН, ІІО АРДАГЕРІ:

- Октябрь ауданы Марьевка селосы бала күннен есімде. Жасөспірім болғанда милицияға келіп жүретінмін. Келешекте ішкі істер органдарының қызметкері болу туралы ой маған сол кезде келген ғой.

Сақып Қоспанқызы жұбайы ұстаған қаламды, оның Ташкент милиция мектебінің курсанты болып жүрген кезде алған мақтау қағазын, авторлық кітаптары мен фотосуреттерін сыйлады. Қобылан Хамзин де Әлімжан Ахмадин секілді Көктерек ауылының тумасы. Қызыл жұлдыз Орденінің кавалері аудандық милиция бөлімдерін басқарып, облыстық ІІБ бастығының орынбасары болған. Сондай-ақ, сөрелерде майдангер-полицейлердің, Ауған соғысы ардагерлерінің медальдары мен құжаттары, көне техника мен түрлі жылдардағы фотосуреттер қойылған.

Облыстың Полиция бөлімдерінде музей бөлмелерінің ашылуы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізіліп келеді. Жас қызметкерлер мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуде музейлердің алатын орны зор.  

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...