ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ТАЯҚШАЛАР ҚАЙТАРЫЛДЫ

20:52, 2 қыркүйек 2019

Қазақстан полицейлері 1 қыркүйектен бастап жолдағы қозғалысты қайтадан таяқша арқылы реттейтін болды. Мамандардың айтуынша, реттеушінің нұсқаулары жол қозғалысына қатысушыларға тиімді және полиция қызметкерелерінің қауіпсіздігін арттырады.

Естеріңізге сала кетейік, ІІМ жарлығына сәйкес 2017 жылы полицейлердің ала таяқтары қолданыстан алынып тасталған болатын. Салдарынан жол қозғалысын реттеу барысында көптеген жүргізушілер тарапынан түсініспеушіліктер туындап, кейде оқыс оқиғалар да орын алған екен. Жол апатының санын азайту мақсатында таяқшалар қайта берілді.  Сонымен қатар, 1-і мен 30-ыншы қыркүйек күндері аралығында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» республикалық акциясы аясында,  облысымыздағы әрбір білім ордасының жанында тәртіп сақшылары  жол қозғалысын реттейтін болады.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес полиция қызметкерлерінің таяқшаларды пайдаланудағы негізгі 4 тармағы бар. Біріншіден, олар таяқшаларды жол қозғалысын реттеу үшін пайдалануғ әсіресе түнгі уақытта және жолдың нашар көрінуі жағдайында.Сонымен қатар, жол-көлік оқиғалары және жол кептелісі барысында, бағдаршам сөнген жағдайда.

Ж. ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
20:42, 18 қазан 2019
«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар