ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ Толығырақ

ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІНЕ ЭКСКУРСИЯ

13:05, 11 ақпан 2020

ПЕТРОПАВЛДА Патрульдік полицейлер мен мұғалімдер балаларға арнап полиция бекетіне экскурсия ұйымдастырды. Отыз шақты қыз БЕН БАЛА полицейлердің киім-кешегімен, техникалық құралдарымен танысты, сондай-ақ жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін толықтырды. Тілшіміздің бейнематериалы.

«Оңтүстік» стационарлық бекет Петропавл қаласынан шығар жолда орналасқан. Бұнда тәулік бойы патрульдік полиция жасақтары кезекшілік атқарады. Жұмыс күні түс ауа «Дарын» мектеп-лицейінің    1-2 сынып оқушылары мұғалімдерімен бірге, тәртіп сақшыларының жұмысымен жақын танысу үшін, бекетке келді. Патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Елдар Қошығұлов сигналды дауыс зорайтқыш құрылғысының, электрондық планшеттің, көлік терезесіндегі реңктің тығыздығын өлшейтін құрылғының, тасымалданатын терминалдың жұмыс істеу принциптерін көрсетті.

ЕЛЬДАР ҚОСШЫҒҰЛОВ, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Балаларды негізінен бұл бекетте көлік құралдары қалай тоқтатылатындығы, түрлі тетіктерге басу, дауыс ұлғайтқыштарының дыбысы мен жүргізушілердің әрекеті қызықтырды. Сондай-ақ, сақшыларға ереже бұзған жүргізушілер туралы ақпараттың қалай келіп түсетіні көрсетілді.

Жыл басынан батальон автомашиналары, қала көшелерін бірден төрт камераға түсіру мүмкіндігі бар, қылмыс пен құқық бұзушылықтарды бейнетіркеудің Streamax заманауи жүйелерімен жабдықталғанын естеріңізге саламыз. Мектеп оқушылары патрульдік көлік ішінде сигналдық дауыс зорайтқыш құрылғысын, камера пультін іс жүзінде қолданып көрді. ... Стационарлық бекеттің екінші қабатында мұғалімдер жол қозғалысы ережелері бойынша мазмұнды сабақ өткізді.

ВАСИЛИСА ЦЫГАНКОВА, «ДАРЫН» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

- Маған жол ережелері туралы тақпақтар ұнады. Қызыл түс тоқта деген беогіні білдіретіндігін түсіндім. Енді жолды қызыл түске кесіп өтпеймін.

ПЛАТОН ТКАЧЕНКО, «ДАРЫН» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

- Егерде жүргізуші немесе жаяу жүргінші ережені бұзатын болса оларға айыппұл салынады. Ешқашанда бағдаршамның қызыл түсіне жолдан өтуге болмайды. Сары түс болса дайындал деген белгіні білдіреді.

Оқу жылы ішінде ювеналдық және патрульдік полицейлер мектептерде «дөңгелек үстелдер», дәрістер өткізеді, жазғы демалысқа шығар алдында – «Қауіпсіз дөңгелек» жол қозғалысы жас инспекторларының дәстүрлі байқауын ұйымдастырады. Өткен жылғы 12 айда СҚО аумағында балалардың қатысуымен 52 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 3 адам қайтыс болып, 57-сі түрлі дәрежедегі жарақат алған. 

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
20:50, 20 ақпан 2020
АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...