ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МҰРАЖАЙЫНДА БІРЕГЕЙ ЭКСПОНАТТАР САҚТАЛҒАН

17:18, 10 қыркүйек 2020

Облыстық полиция департаментінің мұражайы жаңаша форматта жұмысын ұйымдастыруда.  Қызметкерлер көрермендеріне онлайн түрде ұсыну үшін бейнероликтер, фотоесептер, танымдық материалдар дайындап жатыр. Мұның бәрі әлеуметтік желілерде ведомствоның ресми парақшасында жарияланып отырады.  

Өткен жылы облыстың полиция мұражайында 109 экскурсия өтті. Шектеу шараларына байланысты мұндай кездесулерден бас тартуға тура келді. Алайда мұражай қызметкерлері  бұл тығырықтан жол тауып,  әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында "бір экспонаттың тарихы" айдарын ашты. Интернет пайдаланушыларына ослайша есте қаларлық экспонаттар мен аймақтың ішкі істер органдарының бай тарихы туралы айтылады.

ЛЮБОВЬ ОСИНСКАЯСҚО ПД МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

«Менің қолымда бірегей экспонат. Бұл 1933-1934 жылдардағы облыстық полиция басқармасының жедел мәліметтері.  Жедел мәліметтерді бірге қарап, қала мен облыста, мысалы, 1934 жылдың 3 қыркүйегінде не болғанын көруге болады.» 

1930 жылдары сүзек індеті өршіді. Полиция жұқпалы аурумен күресу шараларына белсенді қатысты. Дәл осындай жұмысты қазіргі тәртіп сақшылары бүгінгі індет кезінде де орындауға мәжбүр.

ЛЮБОВЬ ОСИНСКАЯ, СҚО ПД МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

«Шамамен 90 жыл өтті,  бүгінде полиция қызметкерлері өздерінің тікелей міндеттерімен қатар коронавирустық індетке қарсы күресуде. Көріп отырғаныңыздай, оқиға қайталанып отыр.»

Қазіргі кезде полиция департаментінің мұражайы заман ағымына сай жұмыс істеуге міндетті. Олар қолда бар материалдық базаны толық пайдаланады. Дей тұрғанмен экскурсияларды қайта жандандыруға асық.

 

Тақырып бойынша материалдар

«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
20:47, 22 қазан 2020
«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
17:20, 19 қазан 2020
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
Толығырақ...