ШҰҒЫЛ! БЕСКӨЛДЕ 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП АШЫЛДЫ Толығырақ

ПОЛИЦИЯ МЕН ВОЛОНТЕРЛЕР ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫМЕН КҮРЕСУДЕ

17:17, 16 қыркүйек 2020

Полицейлер мен "Қамқор" клубының волонтерлері есірткі қылмысымен күресте күшті біріктірген. Белсенділер есірткі бизнесін жарнамалайтын граффитилерді бояйды. Бұл жолы олар Петропавлдың  Борки кентіндегі қараусыз қалған ғимарат пен Алтынсарин - Шәжімбаев көшелерінің қиылысындағы гараж кооперативіндегі жазулары өшірді. Тілшіміз тарқатып айтсын.

Еріктілер мұндай акцияларға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Волонтерлер клубының жетекшісі Екатерина Галатаның айтуынша, граффитилерді бояудан бөлек олар полицейлермен түрлі бағытта жұмыс істейді.  Мысалы, есірткіге қарсы логотипі бар қорғаныс маскаларын, жадынамалар мен брошюраларды таратады,  сонымен қатар, жастармен де профилактикалық әңгімелер жүргізеді.

ЕКАТЕРИНА КОКЛЕМИНА, «ҚАМҚОР» КЛУБЫНЫҢ ВОЛОНТЕРІ:

- «Бүгін біз есірткі граффитиді бояу акциясына қатыстық. Мұндай іс-шаралар жастарға қамқорлық жасауға бағытталған, яғни, жастық шағын құртпай, заңсыз заттарды пайдаланбау үшін жасалып жатқан дүние.

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында өтініштер мен фотоматериалдарды қабылдау үшін WhatsApp мессенджері бар. Бір ай ішінде нөмірге орта есеппен 5 хабарлама келеді екен. Әрқайсысы тексеріліп, тиісті шаралар қолданылады.

ГАЛИНА ЖОЛЫМБЕТОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БӨЛІМІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

- « "Қамқор" клубымен бірлесіп тұрақты негізде синтетикалық, психобелсенді заттарды жарнамалайтын сайттарды азайту бойынша акциялар өткізіледі. Жыл басынан бері 360 – тан астам наркограффити боялған. Жазуларды бояу бойынша үнемі өткізілетін акцияларға қарамастан-олар азаймайды. Осыған байланысты қала тұрғындарынан өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетіп, осы граффитиді өз күштерімен бояуын сұраймыз. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, наркограффити орналасқан мекенжайлар мен фотосуреттерді 8-707-500-96-65 WhatsApp нөміріне жіберу қажет.» 

14 қыркүйектен бастап облыс аумағында "Паутина" атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Мақсаты-өңір аумағында есірткі заттарын өткізу деректерін анықтау және оның жолын кесу. Жыл басынан бері СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 328 кг – нан астам түрлі есірткі заттарын, оның ішінде 1 кг- 200 грамм нан астам синтетикалық есірткі тәркіледі.

Дана ҚАЛИЕВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРИЯНЫ ҚҰТҚАРҒАН ЖІГІТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
17:21, 29 қыркүйек 2020
ҚАРИЯНЫ ҚҰТҚАРҒАН ЖІГІТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
«ҚАРУ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
20:36, 28 қыркүйек 2020
«ҚАРУ» ЖЕДЕЛ-АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
13:08, 25 қыркүйек 2020
ӨҢІРДЕ СПОРТТЫҚ АКРОБАТИКА ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...