ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ПОЛИЦИЯ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ

20:13, 16 тамыз 2019

Солтүстікқазақстандық полиция жастарды жұмысқа шақырады. Ішкі істер органдарында қызмет етудің оң жақтары туралы облыстық полиция ведомствосының баспасөз қызметі дайындаған материалынан көріңіздер.

Полиция қызметкерлерін мемлекет зор әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етуде. Тұрақты жалақы, қызмет бабымен өсу, еңбекақы сақталатын ұзақ еңбек демалысы және сауықтыруға берілетін жәрдемақфы төлемі, еңбек сіңірген жылдар бойынша мерзімінен бұрын зейнетке шығу. Жеке тұрғын үйі жоқ патрульдік полиция қызметкері мен отбасынының әр мүшесіне тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төленеді. Бұдан басқа, полиция қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері тегін медициналық қызметті пайдалана алады. Полицияда кадр мәселесіне басты көңіл бөлінеді.

- Подразделения криминальной полиции». Вот 5 вопросов. Любой из этих 5 вопросов может попасть вам. Присаживайтесь. Это первый блок. Всего будет задано 3 вопроса.

Консультацияның мақсаты – тек емтихан шарттарымен таныстырып қою ғана емес. Басты міндет – өмір салтын өзгертуге психологиялық бейімдеу. Органда қызмет ету толық жан-тәнімен беріліп жұмыс істеу мен аса жауапкершілікті талап етеді.

ЖАНАТ СҰЛТАНОВ, СҚО ПД КАДР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Кандидаттарға қойылатын талап: жасы 35-ке дейін, бойы 170 см кем емес, жоғарғы білім: заңтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық – немесе орта арнаулы білімінің болуы. Сонымен қатар патрульдік полицияға кандидаттар үшін жүргізуші куәлігі болуы қажет. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша: Петропавл қ., Алматы к-сі, 55, 302-каб., Кадр саясаты басқармасы немесе мына телефондарға: 61-26-12, 61-26-57, 61-26-42 хабарласуыңызға болады.

Полицейлер, жаңа кадрлардың қатарында жерлестердің болуына аса қызығушылық білдіреді. Облыс тумалары қызметке тез бейімделіп, тәртіп сақшылырының жұдырықтай жұмылған ұжымына сіңісіп кетеді.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ПД БАСТЫҒЫ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
20:43, 19 қыркүйек 2019
СҚО ПД БАСТЫҒЫ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...