ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ РЕЙДТЕР КӨБЕЙДІ

20:45, 23 шілде 2020

Шектеу талаптарының орындалуы қатаң бақылауға алынды. Полиция қызметкерлері тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарымен бірлесе, адамдар көп шоғырланатын жерлерге профилактикалық рейдтерді күшейтті.

- Без масок людей не запускайте. – Нет, нет, не запускаем! – Ваша же безопасность это. - Работает? - Антисептик полный.

Қоғамдық көлік, базарлар, дүкендер – санитариялық дәрігерлер мен тәртіп сақшылары қоғамдық орындарға кенеттен тексеріспен келеді. Мамандар автобустар және сауда орындарында жүргізушілер мен сатушылардың өздері маска тағып үлгі көрсетуі тиіс екендігін еске салады. Сондай-ақ міндетті түрде қолғап кию, санитайзерлерді көрінетін жерлерге қоюда маңызды. Соңғы төрт күнде облыс орталығында карантин талаптарын бұзудың 14 дерегі анықталды. дегенмен қалалықтардың басым бөлігі гигиеналық нормаларды сақтау бойынша биліктің қойған талаптарына түсіністікпен қарайды.

АЙДАР ҒАЗИЗ. ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚҰЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

 -Қоғамдық көліктерде адамдардың маскаларды дұрыс тағуы, антисептиктердің болу-болмауына ерекше көңіл бөлінеді. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жиналады.

Санитарлық қызмет мамандары мен тәртіп сақшыларының басты мақсаты: адамдарға санитарлық нормаларды және әлеуметтік ара қашықтытықты қатаң сақтаған жағдайда ғана қауіпті індетті жұқтырмауға болатындығын түсіндіру.

- Антисептик, вот, висит… Ну люди спрашивают, значит - не видят! Надо его на видное место закреплять. Маску одеваем в полном объеме, водитель! В первый и последний раз предупреждаем! Все, хорошо.

Өткен демалыс күндері облыс полицейлері карантин талаптарын бұзудың 64 фактісін анықтады. Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы 24 шілдеден бастап шектеу шараларын сақтау бойынша рейд күшейтілетінін атап кетті.

 

Тақырып бойынша материалдар

«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
20:47, 22 қазан 2020
«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
17:20, 19 қазан 2020
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
Толығырақ...