ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА СЕНАТОР Е.СҰЛТАНОВ КЕЛДІ Толығырақ

САЯЖАЙ УЧАСКЕЛЕРІ АТТЫ САҚШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНДА

17:22, 7 шілде 2020

Атты сақшылар Петропавлдағы саяжай учаскелерінің бірінде мас бұзақыны ұстады.  Кавалериялық взводтың  қоғамдық тәртіпті сақтауда алар орны ерекше. Олардың жұмысы әсіресе жазғы уақытта аса өзекті.  Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі дайыйндаған бейнематериалға назар аударыңыз.

Мамыр айынан бері  Петропавл патрульдік полиция батальоны кавалерия взводының қызметкерлері Заречный және Новопавловка кенттеріндегі саяжай массивтерін бақылауға алды. Автокөлік және  жаяу жүргіншілерге өтуге қиындық тудыратын бағыттар олардың назарында. Атты полицейлер саяжайшылардың мүліктерінің сақтылығын, құқықтық тәртіп пен абаттандыру ережелерін сақтауды қадағалайды.

ЖАҚСЫЛЫҚ ҚОЖЕЛДАҚОВ, КАВАЛЕРИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ:

- 17 саяжай қоғамдастығында  кезекшілік атқарамыз. Учаскелерде мүліктердің ұрланбауын, қауіпті инфекция өршіп тұрғандықтан адамдардың бір жерде шоғырланбауы.Оқыс оқиғалар орын алмауы үшін олардың спирттік ішімдіктер ішпеуін қадағалаймыз. Осыған байланысты демалыс және мереке күндері атты жасақтар санын көбейтеміз.

Атты сақшылар саяжай қауымдастықтарының төрағалары және күзет қызметкерлерімен ұдайы байланыста. Олар саяжайшылардың көбімен таныс, тіпті қай саяжай қаңырап бос тұрғанын, қайсысының иесі түнеуге қалатынын да біледі. Бөтенді жазбай таниды. Адамдар атты полицейлерге үйренісіп, қажет болған жағдайда бірден хабарласады. Шілде айының басында  белгісіз бір мас  адам   «Ранет» саяжай қауымдастығында терезелерді сындырып, жанжал шығарған. Күзетшілер «102» -ге хабарласпас бұрын кавалерияны шақырған. Бұзақы ұсталып, автопатрульге тапсырылды.

ЛЮДМИЛА ШАДРИНА, САЯЖАЙШЫ:

- Біздің учаскелердің полицияның бақылауында болғанына өте ризамыз. Мен күн сайын бау-бақшада жұмыс істеймін. Оларды күнде жолықтырамын. Бір-бірімізді жақсы танимыз. Қазір қауіпті инфекция кезінде барлығымыз оқшауланып, сақтық шараларын ұстанып жүрміз. Маска киетін болдық. Десе де бейтаныс адамдарды бірден байқаймыз.

Жалпы саяжайдағы жағдайды тәтіп сақшылары қалыпты деп бағалайды. Патрульдеу саяжай маусымының соңына дейін жалғасады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА МЕТАЛЛ ҚАБЫЛДАЙТЫН 38 ОРЫН БАР
17:28, 29 шілде 2020
ПЕТРОПАВЛДА МЕТАЛЛ ҚАБЫЛДАЙТЫН 38 ОРЫН БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
20:37, 29 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
20:35, 30 шілде 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
Толығырақ...
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
20:42, 30 шілде 2020
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...