ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ САТҚАН БОЙЖЕТКЕН ҰСТАЛДЫ

20:50, 8 шілде 2020

18 жастағы бойжеткен есірткімен ұсталды. Петропавл тұрғынынан 40 граммға жуық мефедрон синтетикалық есірткісі табылды. Мұндай аса қауіпті   дизайнерлік есірткілердің бірі облыста алғаш рет анықталып отыр.

Есіркі қылмысын жасады деген күдікпен Петропавл қаласында тұратын 18 жастағы бойжеткен ұсталды.  Полицейлер қала тұрғынынан 40 грамға жуық мефедрон синтетикалық есірткісін алды. Әсері күшті әрі аса қауіпті  дизайнерлік есірткілердің бірі Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет анықталып отыр.

РАХАТ НҰРАХМЕТО, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Тергеу барысында күдіктінің 2019 жылдың күзінен бастап интернет дүкендердің бірінде есірткі жасырушы болып жұмыс істегендігі анықталды. Дүкеннің кураторымен интернет арқылы танысып, ұсталғанға дейін мессенджердің көмегімен хабарласып келген. Жұмыс беруші ірі көлемдегі синтетикалық затты   оған жіберіп отырған. Ал күдікті болса есірткі заттарын алып, клиенттеріне  сатып отырған. Закладкаларды көбіне 19-шы 20-шы ықшам аудандарында жасаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жедел іс-шаралар, оның ішінде күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді. Пәтерде есірткіге ұқсас зат салынған түйіншек табылды. Жүргізілген сот-химиялық сараптама бұл  заттың мефедрон екенін растады. Сондай-ақ, полицейлер буып-түйетін материалдар, ноутбуктар, таразы және басқа да есірткі кәсібін растайтын заттарды анықтады.

 - Что можете пояснить? – Это-как там написано «меф». – Меф?  - Да, меф.

Бойжеткен бірнеше ай бойы интернет-дүкен арқылы қауіпті затты сатып алып, есірткіні «жасыру» тәсілі арқылы саудалағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, сот сараптамалары тағайындалды.

 

Тақырып бойынша материалдар

«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
20:47, 22 қазан 2020
«АВТОБУС» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
17:20, 19 қазан 2020
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНДА БАЛА ЗАРДАП ШЕКТІ
Толығырақ...